gallery/fe4267eb38423b7ca3c315a05cae4646
gallery/43b354b47ee97021a1a0c6bedbf085fa (1)
gallery/ahmetova
gallery/2p3a6677
gallery/depositphotos_106179324-stock-illustration-newspaper-icon-newspaper-symbol-newspaper
gallery/4564
gallery/elearning
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

«Рухани жаңғыру – бүлдіршін көзімен: білім, білік, дағды» 
республикалық сырттай бейнежазба байқауының есебі

 

   «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-дың 2019 жылға арналған жедел іс-шаралар жоспарына сәйкес маусым айының 26-і күні мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытуда балабақша педагогтерінің интернет-сервис құралдарымен жасаған жұмыстарын бейнежазба түрінде көрсете білу іскерлігін қалыптастыру мақсатында «Рухани жаңғыру – бүлдіршін көзімен: білім, білік, дағды» республикалық сырттай бейнежазба байқауы өтті.
   Байқауға республика бойынша 12 облыстан 40 мектепке дейінгі мекеме педагогтері қатысты. Оның ішінде ауылдан 12 мектепке дейінгі мекеме қатысты. «Рухани жаңғыру – бүлдіршін көзімен: білім, білік, дағды» республикалық сырттай бейнежазба байқауының сараптау мүшелері құрамы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ директоры Э.Калиева - саралау тобының төрайымы, «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі Р.Нұрова, Облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығының директорының м.а. Г.Нурасылова, «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының PR, SMM-маманы З.Абишева, Ақтау қаласының №32 «Ақ шағала» балабақшасының директоры Т.Балмағамбетова, Ақтау қаласының №58 «Балауса» балабақшасының әдіскері М. Уразбекова және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ кафедрасының аға оқытушысы А. Жұмабаева мүше болды.
   Байқау 2 кезеңмен өткізілді: І кезең электрондық өтінімдер, электрондық бейнежазба қабылдау. ІІ кезең қорытынды, іріктеу кезеңін өткізу, конкурс жеңімпазын анықтау.
   Байқауға қатысушылар өздерінің ақпараттық мәдениетті дамыту және заманауи өзекті тақырыптарды қамтыған педагогтердің және мекеменің ішкі дүниесін көрсететін шығармашылық жұмыстың жаңа бейнежазбасын жариялау қабілеттерін көрсете білді. 
   Нәтижесінде, Петропавловск қаласының «Балауса» бөбекжайынан Жантасов Ербулат Серикович, Даниярова Айнур Шахметовна, Койшина Гаухар Маратовна, Нұр-Сұлтан қаласының №80 «Ботақан» балабақшасынан Конакбаева Жулдыз КаримжановнаАқтау қаласының №58 «Балауса» балабақшасынан Мукашева Айпатша Амангелдиевна бірінші орын, Нұр-Сұлтан қаласының №80 «Ботақан» балабақшасынан Әлібекова Талшын Қажымұратқызы, Ақтау қаласының №32 «Ақ шағала» балабақшасынан Тенелова Асель Мерекеқызы екінші орын, Атырау қаласының «Мирас» бөбекжай-бақшасынан Умиралиева Салтанат Жумабековна, Атырау қаласының «Жұлдыз» бөбекжай-бақшасынан Шокаманова Жансая Баймуратовна үшінші орын алып, Маңғыстау ауданының «Айналайын» балабақшасынан Сатова Нурлыгуль Кобылановна, Петропавловск қаласының «Гулливер» бөбекжайынан Сергазина Анар Амангельдиновна ынталандыру дипломдарына ие болды. Қалған барлық қатысушыларға сертификат берілді. Байқауға қатысқан үміткерлер аталмыш іс-шараның шығармашылық ынталарының жоғарылауына айтарлықтай ықпал еткенін айта отырып, ұйымдастырушыларға өздерінің ризашылық сезімдерін білдірді, конкурстың келешекте дәстүрлі байқау ретінде жалғасын табуы туралы ұсыныстарын жеткізді.

 

«Білім беру үдерісін психологиялық-
педагогикалық қолдау» 
кафедрасының аға оқытушысы А.Жұмабаева

gallery/658-1