gallery/fe4267eb38423b7ca3c315a05cae4646
gallery/43b354b47ee97021a1a0c6bedbf085fa (1)
gallery/ahmetova
gallery/2p3a6677
gallery/depositphotos_106179324-stock-illustration-newspaper-icon-newspaper-symbol-newspaper
gallery/4564
gallery/elearning
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

Латын графикасына арналған семинар

 

   «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚФ Маңғыстау о.б.ПҚ БАИ-да «Латын әліпбиі» кабинеті ашылып, тұсаукесер рәсімі өтті (28.06.2019)ж. Жаңа кабинет есігінің алдында дәстүрлі қызыл лентаны кесу рәсімін орындау мәртебесі Сейдалиев Асқар Әбиұлы мен Нұрдәулетова Бибіайша Ілиясқызына берілді. Салтанатты шара «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» және ҚР Премьер-Министрінің өкімімен «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» жүзеге асыру мақсатында «Латын әліпбиі» кабинетін ашумен қатар «Латын негізді қазақ әліпбиіне көшудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік семинарға жалғасты. 
   Семинарға қалалық маслихат хатшысы С.Т.Закенов, Облыстық білім беру басқармасының басшысы А.Ә.Сейдалиев, Білімді үйлестіру орталықтарының өкілдері, Тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасының басшысы Г.Б.Толеугалиева, «Жастар жетістігі» қоғамдық ұйымының жетекшісі Ж.Ш.Махамбетова, Ш.Есенов атындағы КМТИУ ғалымы, профессор Б.І.Нұрдәулетова, ардагер ұстаздар мен институт ұжымы қатысты. 
   Қоғамда ерекше серпіліс, болашаққа деген зор сенім тудырған ҚР Тұңғыш Президентінің «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласында қазіргі жаһандану заманындағы сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдау, ішкі руханият үшін айрықша мәнді ұлттық болмыс пен ұлттық кодты сақтаудың дара жолының ең маңыздысы – қазақ әліпбиіне реформа жасау керектігі айтылды. Осыған байланысты латын негізді қазақ әліпбиі қабылданды.
   Жаңа әліпбиді алдымен мұғалімдер үйренуі тиіс, ал мұғалімдерді дайындау – ПҚ БАИ міндеті. «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚФ ПҚ БАИ оқытушы-профессорлар құрамының тренерлері 2018 ж. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл Білімі институты өткізген курстарда біліктіліктерін арттырды. Қыркүйек айынан бастап қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларды оқыту жоспарлануда.
   Мақсат - латын әліпбиін оқыту курстарын заманауи үлгіде жабдықталған кабинетте ұйымдастыру. Латын графикасының теориялық-тәжірибелік, әдістемелік ғылыми негіздері жайындағы арнайы әдебиеттер, компьютерлік техника, интерактивті тақта, ақпараттық стендтер және латын негізді әліпбиді жазып үйренуге арналған планшеттермен жабдықталған кабинет әр педагогтің сапалы білім алуына қызмет етеді деп сенім білдірді «ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ Филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ директоры Эльмира Калиева.
   Ғылыми-әдістемелік семинар барысында қатысушылар өзекті мәселе бойынша баяндап, пікірлермен бөлісті.