gallery/fe4267eb38423b7ca3c315a05cae4646
gallery/43b354b47ee97021a1a0c6bedbf085fa (1)
gallery/ahmetova
gallery/2p3a6677
gallery/depositphotos_106179324-stock-illustration-newspaper-icon-newspaper-symbol-newspaper
gallery/4564
gallery/elearning
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

Тоғызқұмалақ ойыны халықаралық деңгейде танылуда

19-23 мамыр күндері аралығында Ақтау қаласында «Дәстүрлі ұлттық зияткерлік ойындарды дамытудың үрдістері және болашағы» атты халықаралық семинар болып өтті. Семинарға Түркиядан келген Мангала Федерациясының президенті Рауф Өзген мырза, Өзбекстан Тоғызқұмалақ Федерациясының вице президенті Жақсыбай Қалмұратов және білікті мамандар-Түркістан облысынан келген Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің теология ғылымының докторанты, жоғары дәрежелі ұлттық төреші, Қашымхан Боранбайұлы Дәуренқұлов мырза, Астана қаласынан келген Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының бас хатшысы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, филология ғылымының кандидаты Мақсат Есенбекұлы Шотаевтар қатысты. Семинарда ұлттық ойынымыз Тоғызқұмалақ бойынша тәжірибелік сабақтар, жарыстар болып өтті. 23 мамыр күні жабылу салтанаты өткізіліп, жеңімпаздарға сертификаттар мен куәліктер табысталды. «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ тренері Ағуза Далабайқызы Рамазанова осы спорт дамуына қосқан үлесі үшін Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының Алғысхатына ие болды.