gallery/fe4267eb38423b7ca3c315a05cae4646
gallery/43b354b47ee97021a1a0c6bedbf085fa (1)
gallery/ahmetova
gallery/2p3a6677
gallery/depositphotos_106179324-stock-illustration-newspaper-icon-newspaper-symbol-newspaper
gallery/4564
gallery/elearning
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

Монолог жолданды

Халық жазушысы Ә.Кекілбаевтың 80 жылдығын атап өту барысында жазушы шығармалары бойынша «Кейіпкерлердің сахналық шеруі» ұйымдастырылатын болады. Осыған байланысты Маңғыстау облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығына монолог дайындалып, жолданды. Шығарма мазмұнының идеясы қазақы тәрбиенің, отбасы құндылықтарының артықшылығын дәріптеуге арналған.

- Шіркін, итім бардағы өмір де өмір екен ғой. Қасыма итімді ертіп, мұнтаздай боп киініп шығатын едім ғой. Қасымда ол барда жұрт мұның өзінен де жасқанатын-ды. «Мынандай ит ертіп жүрген әйел тегін кісі болмас» деп ойламайды дейсің бе!  Ал қазір сұр төбет өлгелі сыртқа шығудан да қалып барамын.  Несін айтасың, ол барда осы үйдің өзі қандай еді! Пыс-пыс етіп дем алғанының өзі неге тұрады. Әйтеуір қасыңда сенен басқа да тіршілік иесі бар екенін біліп, жағаң жайлау еркін жатасың ғой. Ең болмаса бір сыбыс-сыбдыр шығар ма екен деп айналаға құлақ түріп бағамын. Үн жоқ.

gallery/58763355_574058826450404_1690007031827660800_n