gallery/fe4267eb38423b7ca3c315a05cae4646
gallery/shamshidinova-kulyash-nogataevna
gallery/ahmetova
gallery/2p3a6677
gallery/depositphotos_106179324-stock-illustration-newspaper-icon-newspaper-symbol-newspaper
gallery/4564
gallery/elearning
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

    Осы жылдың 10-12 сәуір күндері аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен «Білім сапасын арттыруда 4К моделін қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинар жұмысын институттың БМЖ тренері Ж.Нығмет жүргізді. Бұл семинарға облыс мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері жиналды. 
    Семинар  әр мектептен жиналған мұғалімдерге жағымды орта, таныстық қалыптастыру үшін сергіту сәтімен басталды. Семинар тақырыбын ашу сапа, білім беру сапасы, оны анықтау және бағалау жолдары туралы пікір алмасумен ұласты. Білім мазмұнын жаңарту басымдықтары туралы пікір алмасу мемлекетіміздің экс-басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылы 5 қазан күнгі «Қазақстандықтардың әл-ауқатының  өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын талқылаумен жалғасты. Жолдауда аталған мұғалімнің 4К моделінің мазмұны таныстырылым арқылы нақтыланып, жаттығу жұмыстары жүргізілді. 
    «Бұл туралы не білеміз?» суретті сауал Ұлы даланың жеті қыры мәліметтерімен толықтырылды. «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы талқыланды. Әріптестер бағдарламаның әр бөлімше мазмұнын сабақ тақырыбына пайдалану жолдары мен әдіс-тәсілдеріне тоқталды. Олардың жұмыс мазмұны бір-бірінен ерекшеленіп отырды. 4К моделі тиімділігі осы жұмыста жан-жақты байқалды. Бүгінгі семинарда М.Жантұрсынова, С.Омаров, С.Нұрқанова, А.Қалымова, Г.Табылганова  әріптестеріміз белсенділік танытты. Тренер Жәмиға Нәсірқызына ризашылығымызды білдіре, келесі күнгі жұмыс бұдан да мәнді, қызықтырақ болады деген ойдамыз.  


    Г.Қанкошекова 
    №11 МФМ мектебі
    Ақтау қаласы

    Ізденіс зерттеумен басталған семинар