gallery/fe4267eb38423b7ca3c315a05cae4646
gallery/shamshidinova-kulyash-nogataevna
gallery/ahmetova
gallery/2p3a6677
gallery/depositphotos_106179324-stock-illustration-newspaper-icon-newspaper-symbol-newspaper
gallery/4564
gallery/elearning
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

          «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ базасында 2019 жылдың 8-10 сәуірі аралығына жоспарланған  «Б.Блум таксономиясы аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбындағы облыстық ғылыми-әдістемелік семинар басталды. Семинар 3 күнге созылады. Семинарға 21 педагог қатысуда. Жетекшісі – п.ғ.к. Қабылова Алмахан Батырбайқызы.   
    Семинардың мақсаты: Қоғамдық пәндер мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуда Б.Блум таксономиясы аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін меңгерту арқылы  оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға бағыттау.
               Семинардың міндеттері: 
    1)оқыту нәтижесін критериалды бағалауда әдістеме ретінде Блум таксономиясын қолдану дағдыларын қалыптастыру;
    2)сабақтың әр кезеңіндегі критериалдық бағалау құралдарын қолдану әдістемесі мен түрлі үлгілеуді зерделеу, оқу міндеттерін құрастыру, критериалды бағалаудың әмбебап түрлері мен үлгілерін жасау;
             «Қоғамдық пәндер сабақтарында Б.Блум таксономиясы бойынша әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды жасау және қолдану», «Блум таксономиясы оқытуда нәтижеге жетудің бағалаудың әдісі ретінде», «Оқушылардың сыни ойлауын дамытудың жолдары» тақырыптарында п.ғ.к. А.Кабылова дөңгелек үстел мен тәжірибелік сабақтар өткізсе, БМЖ тренері Д.Мәтенова «Суммативті және формативті бағалау: оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау» тақырыбында тәжірибелік сабақ және тренингтер өткізді.

     

    Блум таксономиясы және критериалды бағалау