gallery/fe4267eb38423b7ca3c315a05cae4646
gallery/shamshidinova-kulyash-nogataevna
gallery/ahmetova
gallery/2p3a6677
gallery/depositphotos_106179324-stock-illustration-newspaper-icon-newspaper-symbol-newspaper
gallery/4564
gallery/elearning
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

    Маңғыстау облысының «Дарын» қосымша білім орталығы ұйымдастыруымен 3-4 сәуір күндері КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО, Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі, Н.К.Крупская атындағы орденінің кавалері, "Құрмет" орденінің иегері  – Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.Оған «Өрлеу БАҰО» АҚФ Маңғыстау о.б. ПҚ БАИ қызметкері Нығмет Жәмиға Нәсірқызы әділ қазылар құрамында қатысты. Бітібаева Қанипа - үздік ұстаз ғана емес, еліміздің ұлттық әдебиеті мен сан алуан мәдениетін танытудың ең үздік тұлғасы. Бұл республикалық олимпиада ұстаздың қалдырған ісін  дамыту арқылы рухани жаңғырудың негізгі ұстанымын жалғастыруды көздейді. Оның мақсаты:  қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқушылар білімдерін тереңдету және жетілдіру, оларды салт-дәстүрлерді және ұлттық мәдени әдет-ғұрыптарды құрметтеуге тәрбиелеу, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
    Олимпиада 2 айналым бойынша өтті. Оған облыс мектептерінен 28 оқушы қатысты.   1 айналым – жазбаша. Оқушылар ұсынылған тақырыптар бойынша эссе жазды. Бірінші айналымда оқушылар эссенің мазмұны, құрылымы, тіл шеберлігі, тілдік сауаттылығы бойынша, ал екінші айналымда  нақты тақырып аясында ақпарат беру, сөйлемдерге грамматикалық талдау жасау, ақын-жыраулар шығармаларын ажырату, ақын-жазушылар шығармалары туралы пікір білдіру және «Егер мен ұстаз болсам» деген тақырыпта өз толғауын ауызша баяндау арқылы бағаланды. 
    Олимпиаданың 1-айналымы эссе жұмысы бойынша 11-сынып оқушысы А.Ынтымаққызы  «І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасына арқау болған тарихи оқиғаларды дәлелдер келтіре талдап жазу» жұмысымен дараланды. Оқушылардың эссе жұмысын талапқа сай орындауында ескерер кемшіліктер бар екені анықталды. Екінші айналымда «Егер мен ұстаз болсам» тақырыбындағы өз әңгіме-толғауын Ж.Джайлыбаев, Ж.Жұмаоразова, Ж.Түйебаев, Д.Жумагазиева, Ә.Орынбай, А.Ынтымаққызы, Б.Жақсылықов нақты, қанатты сөздерді, мақалдарды орынды қолдана жеткізді. 
    Олимпиада қорытындысы бойынша 12 оқушы облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі Дипломдарына ие болды. 

     

    Білімділер сайысқа түсті

    gallery/img_20190404_161531_850[1]