gallery/fe4267eb38423b7ca3c315a05cae4646
gallery/shamshidinova-kulyash-nogataevna
gallery/ahmetova
gallery/2p3a6677
gallery/depositphotos_106179324-stock-illustration-newspaper-icon-newspaper-symbol-newspaper
gallery/4564
gallery/elearning
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

              Мұнайлы ауданының қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері қазақ тілінде оқытатын мектептердегі  қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру  курсында  жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында өз білімімізді жетілдіріп жатырмыз.
              Курсқа алғаш келген күннен бастап, көкейімде жүрген көп сауалдардың жауаптарын алдым, жалпы білім беру мазмұнының өзгешелігімен, ерекшелігімен таныстым. Білім жүйесіне енген орта білім мазмұнын жаңарту аясында жаңартылған бағдарламаның  мақсат-міндеттерінің  қыр-сырын толық ұғына алмай жүрген мен үшін  курстан алған білімім үлкен жетістіктерге жол ашады деген ойдамын. 
              Осы уақытқа дейін өзім толық түсінбеген, мен үшін қиындық  келтіріп жүрген сұрақтарыма жауап, әдістемелік көмек алдым.  Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуінде, оған оқу мақсаттарының жүйесін  талқылау барысында көз жеткіздім. 
            Біз осы оқу барысында қазақ тілін жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс тыңдап,  жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін түсініп, осыған сәйкес педагогикалық тәсілдерді, білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендік. Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағдыны (тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым) қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз: «ЭСӘТ»талдау, «Бұрыштар» тәсілі, «Ойлан-жұптас-бөліс», «Stop-кадр», «Элективті тест», «Сұрақты қағып ал», «Серпілген сауал», «Ара ұясы», «Ашық және жабық сұрақтар» т.б.
             Біздің білімге деген құштарлығымызды арттырып, алдыңғы білімді жаңа біліммен салыстыра, ұштастыра отырып, түсінбегенімізді қайта түсіндіріп, әр тыңдаушының санасына жеткізе білген  тренеріміз Мамутова Гүлдариға Төремұратқызына және курсты ұйымдастырған «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтына үлкен алғыс айтамын! 


    Кульмаханова Дина

     

    Төрт дағдыға қажетті әдіс-тәсілдер

    gallery/1