gallery/nan
gallery/shamshidinova-kulyash-nogataevna
gallery/ahmetova
gallery/2p3a6677
gallery/depositphotos_106179324-stock-illustration-newspaper-icon-newspaper-symbol-newspaper
gallery/4564
gallery/elearning
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

    Жаңа талап, жаңа мүмкіндік

            «Білген адам білімді өмір бойы іздейді» деп ұлы ойшыл Иүгінеки Ахмед айтқандай, өз шәкірттеріміздің қазіргі заман талаптарына сай болуын қаласақ, біз білімімізді жетілдіріп отыруымыз керек. Сондықтан білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесі басты орынға қойылып отыр. Теориялық білімді тәжірибемен  байланыстыра, жан – жақты мүмкіндіктерімізді оятып, ашуға білім мазмұнын жаңарту шеңберіндегі педагогтерге арналған курстың маңызы зор екені түсінікті болды. Осы курс кәсіби жаңалықтарды білу үшін бізге берілген  табылмас мүмкіндік болды.
    Тәжірибесі мол тренеріміз Сәрсенғалиева Гульнар Жоланқызының арқасында білетінімізді жетілдіре түсудеміз. Курс кезінде ұжымдық ынтымақтастық атмосферасының арқасында барлық мектептерден келген әріптестерімізбен жақсы танысып, тәжірибе алмасудамыз. Педагогтердің кәсіби дайындығының сапасын арттыру үшін курс ұйымдастырған «Өрлеу» БАҰО» филиалына алғыс білдіреміз. 
    Тренеріміз Гүлнәр Жоланқызына және топтағы мұғалімдерге қызығы мен қиындығы мол жұмыста табыс тілейміз. 

     

    Бейнеу ауданының Қарақұм орта мектебінен

    бастауыш сынып мұғалімдері Л.Алибаева, А.Сарманова
     

     

    gallery/3