gallery/nan
gallery/shamshidinova-kulyash-nogataevna
gallery/ahmetova
gallery/2p3a6677
gallery/depositphotos_106179324-stock-illustration-newspaper-icon-newspaper-symbol-newspaper
gallery/4564
gallery/elearning
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

     

     Жетекші алға жетелейді

    Біз Бейнеу ауданының бір топ  мұғалімдері ағымдағы жылдың 3 наурызы күнінен бастап Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын арттыру  шеңберінде қазақ  тілінде  оқытатын  мектептердің бастауыш сынып  пәндері бойынша педагог кадрларының біліктілігін арттыру курсында оқи  бастадық. Бізге Ақтау қаласынан келген аға  оқытушы  Сәрсенғалиева  Гүлнәр Жоланқызы жетекшілік етуде. Гүлнәр Жоланқызы алғашқы күннен-ақ сабақ барысындағы тиімді әдіс-тәсілдерді, сабақты қалай жоспарлауды үйретті. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықпен таныстырды. Қазақстанда білім беру бағдарламасын реформалаудың алғы  шарттарын, бастауыш сынып бағдарламасына қатысты үлестірме  материалдар таратып, олар туралы түсіндірді. Курсқа келген 30 мұғалім бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, алғашқы күніміз өте сәтті өтті. 
    Курс барысында көптеген әдіс-тәсілдерді, критериалды бағалау, тоқсандық, жылдық жиынтық бағалауларды қалай  орындау  керектігін толықтай  меңгереміз деген ойдамын.


                                  
    Бейнеу  ауданының Атамекен орта мектебінен

    бастауыш сынып мұғалімі Н.Жамилова