gallery/nan
gallery/shamshidinova-kulyash-nogataevna
gallery/ahmetova
gallery/2p3a6677
gallery/depositphotos_106179324-stock-illustration-newspaper-icon-newspaper-symbol-newspaper
gallery/4564
gallery/elearning
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

     

     «Көркем еңбек» пәні көркеюде 

    Жаңа Өзен қаласындағы №20 орта мектепте 11-15 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог карлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы бойынша «Көркем еңбек» пәнінен 1 апталық курс басталды. Аталған біліктілік арттыру курсына 30 пән мұғалімі қатысуда. Жаңа бағдарлама бөлімдері негізінде тыңдаушылардың түсініктері кеңейтіліп, әр сабақта түрлі тақырыптардың  қалай өткізілетіндігі туралы теориялық-тәжірибелік бағыт-бағдар берілді. Критериалды бағалау бойынша терминдер, негізгі ұғымдар таныстырылды. Сонымен қатар бағалаудың білім беру мазмұнының құрамдас бөлігі болып табылатынын, бағдарлама мақсаттары мен күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты екендігі туралы айтылып, күнделікті сабақ барысында жүзеге асыру жолдары жайында қызықты ақпараттар ұсынылды.


    Курс жетекшісі К.Елекеев