gallery/fe4267eb38423b7ca3c315a05cae4646
gallery/43b354b47ee97021a1a0c6bedbf085fa (1)
gallery/ahmetova
gallery/2p3a6677
gallery/depositphotos_106179324-stock-illustration-newspaper-icon-newspaper-symbol-newspaper
gallery/4564
gallery/elearning
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

Жаңа білім беру мазмұны дене тәрбиесі пәнінде

Наурыз айының 11-15 күндері жалпы  білім  беретін  орта мектептердің дене  тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған «Дене тәрбиесі пәні бойынша орта білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбындағы мемлекеттік біліктілікті арттыру курсы басталып, оған 27 тыңдаушы қатысуда. Топпен таныстыру, шағын  сабақтар өткізіліп, түрлі дәрістер оқылды. Тыңдаушылар тренингтер мен жаттығуларға белсенді араласуда. Оларға қысқа  мерзімді  жоспар және  таныстырылым жұмыстарын қорғау тапсырылды.
Курстың практикалық кезеңінде қолайлы ауа райы тиімді пайдаланылды. Таза ауада салауатты өмір салтын қалыптастыру  мақсатында  «Тыныс алу», «Миға жаттығу» сияқты бірнеше сергіту жаттығулары жүргізілді. Педагогтер арасында тығыз кәсіби байланыс орнатылуда. 
Тыңдаушылар жаңартылған  бағдарлама бойынша жоспарлау, белсенді  оқыту әдістері, саралау және  бағалау сияқты барлық әдіс-тәсілдерге байланысты берілген тапсырмаға қызу атсалысуда. Мұғалімдер топ-топ болып бөлініп, өзара ауысу жұмыстарын ұйымдастырды. Топішілік өзін-өзі басқару арқылы топтық жұмыстың мұғалімнің белсенділігін арттырудағы мақсаты мен пайдасын, ерекшелігін түсініп, талқылауға көңіл бөлінді.  
Сабақ барысында тыңдаушылармен үнемі «Дәліз» әдісімен кері байланыс жасалып, рефлексия жүргізілуде.

 

Кафедра аға оқытушысы А.Рамазанова