gallery/fe4267eb38423b7ca3c315a05cae4646
gallery/shamshidinova-kulyash-nogataevna
gallery/ahmetova
gallery/2p3a6677
gallery/depositphotos_106179324-stock-illustration-newspaper-icon-newspaper-symbol-newspaper
gallery/4564
gallery/elearning
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

    Асық ойыны бойынша қорғау

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасында отансүйгіштіктің негізі ретінде туған жерге, ата дәстүрге, ұлттық құндылықтарға ерекше мән беру қажеттілігі айтылады. Сондықтан да біз қазақ ұлттық ойындарын жаңғыртып, асық терапиясын насихаттап жүрміз. 
     «Дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың  салауатты өмір салтын қалыптастыру»  тақырыбындағы  2019 жылы ақпанның 04-15 жұлдызы  аралығында  өткен  білім  сатысы оқуында өзіндік  жұмыс  бойынша Жаңаөзен  қаласы, №11 орта  мектептің  дене  тәрбиесі  пәні  мұғалімі Досбергенова Ляззат Ерғалиқызы өзінің  «Асық  ойынының денсаулыққа  пайдасы» жұмысын қорғап, тыңдаушыларға  ой  салды. Мақсаты -   асықтың адам денсаулығына пайдасын түсіндіру. Асық ату балаларды қимылды ойынға, мергендікке, дәлділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеген. 
    1.Қысқы қолғаптың алақан бетіне асықтарды тігіп, арқаны сипау арқылы жауырындағы бұлшық еттерге массаж жасауға болады. Бұл массаж арқадағы және алақандағы нүктелерді оятады, пайдасы зор.                    2.Асықтарды күнделікті дәліз бойындағы төсеніш бетіне тігіп, оның үстімен адам жүрер болса, адамның табан нүктелерін оятуда пайдалы.      
    3.Асықты түрлі-түсті бояумен бояп, санамақ жасаған болсаңыз, баланың түстерді ажыратуына және санау арқылы ой-өрісін дамытуға, саусақтардың жұмыс жасауына ықпалы зор.  
    4.Малдың төлінен бестас ойнайтын асықтар алынады, бұл да саусақ моторикасын дамытады. 
    5. Асық ату баланың логикалық ойлануы үшін қажет, балалардың ой-өрісін дамытады. Асық ойнаған баланың жылдамдығы, мергендігі дамып, алыстан көру қабілеті артады, аяқ-қолы ширақ қимылдап, епті бола түседі.  
    6. Ірі қара және ұсақ мал асықтарын түрлі-түсті бояумен бояп, түсіне, ірі, ұсақтығына қарай ажыратуды миға шабуыл жасауда қолдануға болады. Асықтарды санамақ ретінде бір тізбек бойына тізіп, саусақ моторикасына қолдануға болады. 


    Кафедра аға оқытушысы А.Рамазанова