gallery/nan
gallery/shamshidinova-kulyash-nogataevna
gallery/ahmetova
gallery/2p3a6677
gallery/depositphotos_106179324-stock-illustration-newspaper-icon-newspaper-symbol-newspaper
gallery/4564
gallery/elearning
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

    Тылсымға толы таныстырылымдар

          Жуырда, яғни 2019 жылдың 07 наурызы күні орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы бойынша Жаңаөзен қаласы №20 орта мектеп базасында өткізіліп жатқан біліктілік арттыру курсы аяқталды. Төрт апталық оқу барысында тыңдаушылар курс мазмұнын толық меңгерді. Тәжірибелік жұмыстар орындауда мұғалімдер дәріс бойынша алған теориялық білімдерін шыңдады, оларға өз білгендерімен бөлісуге, пікір алмасуға жағдай жасалды. «Тиімді оқыту мен оқу», «Критериалды бағалау жүйесі», «Оқу бағдарламасы: жоспарлау және ресурстар», «Тілдік дағдыларды дамытудың маңызы», «Оқушы жұмысының сапасын жақсартуға арналған жаттығулар»,  «Мәтін құру және түрлендіру», т.б. тақырыптар бойынша жүргізілген жұмыстар мұғалімдердің белсенділігін арттырды. Тыңдаушылар қысқа мерзімді жоспар жасап, ықшамсабақ өткізді. Мұғалімдерге ықшамсабақ арқылы бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндік берілді. Курс соңында тыңдаушылар қысқа мерзімді жоспар жазып, бағалау критерийіне сәйкес оқу мақсаты, белсенді оқыту әдістері, саралап оқыту, критериалды бағалау, ықшамсабақтың қысқа мерзімді жоспар дайындауға ықпалы туралы таныстырылым дайындап, қорғады. Барлық 30 тыңдаушы толығымен сынаққа қатысты.


    Кафедра аға оқытушысы Г. Мамутова

    gallery/whatsapp image 2019-03-12 at 12.17.03