gallery/nan
gallery/shamshidinova-kulyash-nogataevna
gallery/ahmetova
gallery/2p3a6677
gallery/depositphotos_106179324-stock-illustration-newspaper-icon-newspaper-symbol-newspaper
gallery/4564
gallery/elearning
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

    Қолдауға ие шаралар

           Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан» партиясы ХVІІІ съезінде Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқанын атап өтті және негізгі басымдық азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету мен еліміздің әлеуметтік бағдарланған мемлекет ретінде дамуына баса назар аудару қажеттілігіне тоқталды. Нақтылай айтсақ, Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шаралары мәселесіне қатысты айтқаны қоғамдағы өзекті мәселелердің шешілу жолдарын нақты, айқын көрсетуі бүкіл қазақстандықтардың көңілінен шықты. Әсіресе, орта білім саласындағы реформаларды логикалық соңына жеткізу бағыты бойынша  айтылған пікірлер педагогтер қауымының қолдауына ие болып отыр.

           Қоғамға қажетті 100 басым мамандықты анықтау және колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби біліктілігін арттыру курстарының оқу үрдісіне шетелдік мамандарды қамту туралы ұсынысы құптарлық. Келешекте бұл курстар тиімді әрі сапалы ұйымдастырылып, кәсіби мамандардың өз ісін жетік біліп шығуына ықпал ететіні анық. Білім беру ұйымдарының жаңаруын қаржыландыру, материалдық-техникалық базаның жабдықталуына жаңғырту жүргізу сияқты мәселелердің нақтылануы әлемдік білім жүйесінің халықаралық стандартына сай болу мақсатын көздейді. Сол сияқты жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерінің ағылшын тілінде оқытылуын кезең-кезеңмен жүзеге асырылуын жоспарлау да нәтижеге бағытталған іс деп түсінуге болады

           «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ ұжымы жаңартылған білім мазмұны бойынша педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстарын жалғастыруда отандық және әлемдік озық тәжірибе мен технологияны қолдануды жетілдіруді кеңінен жүзеге асыруда. Білім беру жүйесінің халықаралық стандартпен қамтылған заманауи талаптарға сай болуы үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткен шараларды іске асыру жұмыстарын  біздің ұжым мақсатты және жоспарлы жұмыла орындайтынына сенім білдіреміз. 

    gallery/523-1