gallery/fe4267eb38423b7ca3c315a05cae4646
gallery/shamshidinova-kulyash-nogataevna
gallery/ahmetova
gallery/2p3a6677
gallery/depositphotos_106179324-stock-illustration-newspaper-icon-newspaper-symbol-newspaper
gallery/4564
gallery/elearning
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

    Нұсқаулық нені нұсқайды?

       Жаңартылған оқу бағдарламасына байланысты білімімізді шыңдау үшін 11 ақпаннан 07 наурыз аралығында өтетін 4 апталық курсқа келдік. Курс тренері Г.Т.Мамутова мұғалімдерді білім саласында болып жатқан жаңалықтармен таныстырып, жаңа бағдарлама бойынша түсініктерімізді кеңейтті, әр сабақта бағыт-бағдар беріп отырады. «Маған айтсаң, ұмытып қаламын, көрсетсең, есімде қалады, өзіме істетсең, түсінемін» дегендей, теориялық білімді тәжірибе арқылы, тренеріміздің басшылығымен, бағыттауымен орындауымыздың нәтижесінде әрқайсымызда түсінік қалыптасты. Мұғалімге арналған нұсқаулықты талдай отырып, өзімнің кемшіліктерімді көре алдым. Сол кемшілікті көру мені ойлантуға мүмкіндік берді. Әр тапсырманы орындау барысында мен өзімнің сөздік қорымның молая бастағанын байқадым. Мұғалім оқушыларға қолайлы білім беру ортасын құра отырып, оларға берілетін тапсырманы мұқият саралауы керектігін түсіндім. Жан-жақтан келген әріптестеріммен пікірлесуім, тақырыпты талқылауымыз арқылы сыни ойлап, өзіндік пікіріміздің қалыптасуына, тәжірибе жинақтауымызға оң әсерін тигізуде. Курста әлі де үйренерім көп.                                                            
                                                                                                                                                      Елтезерова Зинайда


    Дамуға бағытталған бағдарлама


       Мен қазір жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсында біліктілігімді арттырып жатырмын. Алғаш оқу жылының басында осы жаңа бағдарламамен  оқитын 7-сыныпқа сабақ бересің дегенде, сонша жылдық еңбек өтілім бола тұра, жүрексінгенім рас. Себебі бұл бағдарлама туралы мен көп нәрсе білмейтінмін. Кейбір әріптестерімнің қысқа түсіндірулері арқылы түсіне бастаған едім. Бірақ жаңартылған білім мазмұны жайлы соншалықты түсінікке ие болдым дей алмаймын. Сөйтіп жүргенде жақында мені де жұмыс орным осы аталмыш бағдарлама бойынша курсқа жіберді. Курсқа келгендегі мақсатымның өзі білмегенімді үйреніп, жұмыс барысында қолдану болатын.
         Міне, мен курста сабақ тыңдағалы да аз ғана уақыт өтті. Аз күн болса да, біраз нәрсені меңгергендеймін. Кураторымыз Мамутова Гүлдариға Төремұратқызының берген бағыты бойынша талай тапсырмаларды орындау арқылы біраз нәрсеге қанықтым. Әрбір тапсырмадан соң кері байланыс жасау керектігін, оқулықпен ғана шектелмей, қосымша  тапсырмалар беруге болатынын, түрлі әдістер арқылы тапсырмалар дайындауды, барлық тапсырманы мақсатқа сай құрастыру керектігін түсіндім. Оқушыларға сұрақ берудің де түрлі әдісімен таныстым. Тиімді оқыту, белсенді оқыту, критериалды бағалау, тілдік дағдылар жайлы түсінігім қалыптасты.
    Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенділігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда  осы бағдарламаның керек екенін ұғындым.


    Улукманова Света

    Нұсқаулық нені нұсқайды?