gallery/fe4267eb38423b7ca3c315a05cae4646
gallery/shamshidinova-kulyash-nogataevna
gallery/ahmetova
gallery/2p3a6677
gallery/depositphotos_106179324-stock-illustration-newspaper-icon-newspaper-symbol-newspaper
gallery/4564
gallery/elearning
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

    Көп сауалға бар жауап


              Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында 11 ақпан  мен 7 наурыз аралығында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен біліктілік арттыру курсы өтуде. Бұл курсқа  қала мектептерінен 30 мұғалім қатысып, кәсіби білімдерін жетілдіруде.
               Осы уақытқа дейін жаңартылған бағдарлама бойынша мектеп оқушыларына  сабақ беру кезінде сабақты жоспарлау, жүргізу  біз үшін қиындық туғызса, курсқа алғаш келген күннен бастап-ақ, тренеріміз Мамутова Гүлдариға Төремұратқызының  бізге берген дәрісінің нәтижесінде, көкейімізде жүрген көп сауалдардың жауаптарын ала алдық. Жалпы білім беру мазмұнының өзгешелігімен, ерекшелігімен таныстық. Жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, мақсат-міндеттерін түсініп, осыған сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу бағдарламасы, оқу жоспары, оқу мақсаты, критериалды бағалау, тілдік дағдылар жайында кең көлемде мағлұмат алып, жұмыс жасай бастадық.
    Біздің білімге деген құштарлығымызды арттырып, дәріс беріп жатқан тренеріміз Мамутова Гүлдариға Төремұратқызына айтар алғысымыз мол!

     

    Ракишева Дана

    Тренер тәлімі  

     

             Жаңартылған оқу бағдарламасына байланысты білімімізді шыңдау үшін 11 ақпаннан 07 наурыз аралығында өтетін 4 апталық курсқа келдік. Курс кураторы, аға оқытушы Г.Т.Мамутова мұғалімдерді білім саласында болып жатқан жаңалықтармен таныстырып, жұмыс барысында дұрыс қолдануға бағыт-бағдар беріп отырады. Тренер түрлі әдістерді қолдана отырып, курстың қызықты, тиімді өтуіне ықпал етуде. Теория мен тәжірибені ұштастыра отырып ең бірінші біз өзімізді-өзіміз реттеп, өзімізге-өзіміз сеніп, ойлана алатынымызды білдік. Мұғалімдер алған білімдерін тәжірибе барысында өзара алмасып, жұмыстарына қажетті мәліметтер алып жатыр.
                                                                                                                                                    

                                              Бақытжан Әйгерім

    Көп сауалға бар жауап