gallery/fe4267eb38423b7ca3c315a05cae4646
gallery/43b354b47ee97021a1a0c6bedbf085fa (1)
gallery/ahmetova
gallery/2p3a6677
gallery/depositphotos_106179324-stock-illustration-newspaper-icon-newspaper-symbol-newspaper
gallery/4564
gallery/elearning
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

Жақында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ ғимаратында «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәні мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерін оқытуда қысқа мерзімді жоспарларды жасақтау ерекшеліктері» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. «Өрлеу» БАҰО» АҚФ  Маңғыстау облысы бойынша  ПҚ БАИ БМЖ тренері Нығмет Жәмиға Нәсірқызы жүргізген семинарға 23 мұғалім қатысты.
Ғылыми-әдістемелік семинарда жаңартылған білім беру бағдарламалары мен сабақ жоспарларының сипаттамасы, құрылымы қарастырылып, жасақталудағы өзіндік ерекшеліктері, бағалау өлшемдерінің маңыздылығы көрсетілді. Сонымен қатар мұғалімнің оқу материалы мен сабақтағы іс-әрекеті мұқият іріктеліп, бағалау жолдарын айқындау және әр сабақтан кейін рефлексия жасау маңыздылығын түсінуге, меңгертуге жаттықтыру мақсаты жүзеге асырылды. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын дайындау барысында мұғалімнің, білім алушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескеруіне, саралап оқыту тәсіліне ерекше назар аударуына, сабақты тиімді құрылымдауына көмектесу, іс-әрекет арқылы меңгертуге жаттықтыру жұмыстары жүргізілді.
Пән сабақтарын жоспарлау (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) кезінде оқу бағдарламасын, оқу жоспарын жəне критериалды бағалау жөніндегі əдістемелік нұсқаулықты тиімді пайдалану жолдары, сабақты жоспарлауда басшылыққа алатын қағидаттар және жоспарлаудың қадамдық нұсқаулығы, жоспарлау стратегиялары, тілдік дағдылар маңызы тәжірибелік жұмыстарда нақтыланды. Қысқа мерзімді сабақты жоспарлауда қалыптастырушы бағалау жаттығуларын енгізу үдерісінің ерекшеліктері, жиынтық бағалау және модерация жүргізу тәртібінің мәселелері тәжірибе жұмыстары арқылы көрініс тапты. Блум таксономиясы қадамдарына негізделген, мақсаттар жүйесіне сай сабақ жоспарлары жасақталып, шағын сабақтар өткізілді. Семинардың әр тақырыбының таныстырылымдармен өрнектеліп, бейнефильмдермен толықтырылу арқылы ғылыми-әдістемелік көмектің тиімділігіне көз жеткізілді.
Семинар жұмысына Р.Байекеева, Г.Мусабаева, Б.Кобегенова, У.Дуйсенбаева белсенді қатысты. Олар өздері жасақтаған қысқа мерзімді сабақ жоспарларымен семинарға қатысушыларды таныстырып, іс-тәжірибелерімен ой бөлісті.
Қорыта айтқанда, ғылыми-әдістемелік семинар мұғалімнің қысқа мерзімді сабақ жоспарын заманауи талапқа сай жасақтау жолдарын, оқу мақсаттарын орынды және нақты қоюын, бағалау ерекшеліктері маңыздылығын ажыратуын, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануын, өз сабағына жан-жақты рефлексия  жасай алуын қамтамасыз етуге ықпал етті.  Семинар жұмысы тиімді кері байланыс жүргізу арқылы қорытындыланды. Мұғалімдер қысқа мерзімді сабақ жоспарлауға қатысты таныстырылымдармен, бейнефильмдермен, пайдаланылған үлестірме материалдармен толық қамтамасыз етілді.
Семинарға қатысушыларға сертификат тапсырылды.

Тиімді әдістемелік көмек