gallery/nan
gallery/shamshidinova-kulyash-nogataevna
gallery/ahmetova
gallery/2p3a6677
gallery/depositphotos_106179324-stock-illustration-newspaper-icon-newspaper-symbol-newspaper
gallery/4564
gallery/elearning
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

         «Туған жер» бағдарламасы аясында Ақтау қаласындағы  Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында марқұм ғалым Амантаған Бегжановтың «Көмілген арналар, көшкен жұрттар» кітабының қазақ тіліне тәржімаланған нұсқасының тұсаукесері өтті. Кітап авторы - марқұм ғалым Амантаған Бегжанов. Оқырмандар алдында бұл кітап өлкетану бағытындағы маңызды қайнар көз,  көршілес екі елдің ынтымақтастық көзқарас, ұғымының куәсі ретінде таныстырылды.

    Ғылыми еңбектің авторы жанкешті еңбекпен Мәскеу, Ашхабад, Ленинград, Ставрополь архивтері мен кітапханаларынан Маңғыстауға қатысты мазмұнды дерек, мәліметтер тауып, кітапты түрікпен тілінде жазған.

    Оны ТМД елдеріне белгілі ұлтжанды ұстаз, биология ғылымдарының кандидаты  Жантөре Жәкішқызы Мамаева қазақ тіліне аударып, үлкен еңбек сіңірген. Оқырмандар жұқа кітап парақтарының ауыр да терең ой еңбегінің арқасында ғасырлар қойнауының қалтарысында қалған, салмағы терең тарихтардан сыр шерткенінің куәсі болды. Кітапта XVIII-XIX ғасырларда солтустік-батыс Түрікменстанда дүниеге келіп, түрікпендер ғана емес, адай қазақтары арасында да есімдері 

    құрметпен аталған Мәмбетсапа, Машырық қажы, Бекдұрды ишан секілді батыр, діндарлардың бейнелері жарқын сипатталған. Сонымен қатар «Ерсарының қайрағы» сияқты тарихи ескерткіш, жәдігерлер туралы да баяндалады.

    Қасиетті тұлғалар жайында республикаға танымал филология ғылымдарының докторы Дүйсембаева Жанбибі Сембайқызының жетекшілігімен зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген «Болашақ» колледжінің студенттері және Қызылтөбе лицейінің 5-сынып оқушысы Каусар Байрамқұл (мұғалімі  - Г.Дәрменова), Ж.Жәкішқызының шәкірттері бейнеслайдтар арқылы әңгімелеп берді. «Мен қазақпын» деген әрбір жас елдің, жердің тарихын жақсы білуі керек. Зерделеумен айналысып жүрген ойлы жастар бар болғанына көз сүйсініп, көңіл марқайды. Шара қонақтары алдында Абыл Тарақұлы атындағы өнер мектебі мен өнер колледжі өнерпаздары ән-күйден шашу шашты.

    Маңғыстау облысындағы мұғалімдердің білім жетілдіру саласында да еңбек еткен аса құрметті Ж.Жәкішқызы - «Маңғыстау облысының жануарлар дүниесі», «Животный мир Мангистау» оқу құралдарының (2006 ж. Ақтау) белсенді авторларының бірі. Білім беру  саласындағы үздіксіз, нәтижелі еңбегі үшін есімі «Маңғыстау мұғалімдері» («Арыс», Алматы, 2013ж) энциклопедиясына енген.

    Өрлеулік әріптестердің атынан болашақ ұлт зиялыларын, қазақ жастарын тәрбиелеуден жалықпайтын  ұстанымы мықты Жантөре Жәкішқызына және осы шараға қатысқан ұстаздардың, зерттеушілердің ұлағатты еңбектеріне толағай табыстар тілейміз!

     

    «Өрлеу БАҰО» АҚФ Маңғыстау о.б. ПҚ БАИ

    А.Утебаева

    З.Әбішева 

     

    Поучительный пример – как принцип ученого педагога

     

               В рамках целевой программы «Туған жер - Родная земля» в областной библиотеке имени Кабиболлы Сыдикова города Актау прошла  презентация переведенной версии книги на казахский язык «Көмілген арналар, көшкен жұрттар» - «Заполненные каналы, переехавшие народы». Автор книги – уважаемый ученый ушедший из жизни  Амантаган Бегжанов. Данная книга была представлена перед читателями как один из важных источников по краеведению,  символ мировоззрения солидарности двух соседних народов. Автор научного труда бескорыстно трудился: посетил Московские, Ленинградские, Ставропольские, Ашхабадские архивы, библиотеки. Находя в них весомые исторические аргументы, факты, он книгу написал на туркменском языке.

            Книга была переведена на казахский язык с известным патриотом учителем-преподавателем по СНГ, кандидатом биологических наук Мамаевой Жанторе Жакишевной. Благодаря тяжелого, глубокого умственного труда автора собравшиеся читатели стали свидетелями того, что как заговорили страницы тоненькой книжки об значительных исторических судьбах и культурах, обычаев, этнографий казахов-адайцев, туркменских народов.

    В научном труде были ярко отражены святые имена батыров, верующих родившиеся в северо-западном Туркменстане в XVIII-XIX веках, которые в свое время стали почтенными не только среди туркменов, но и среди адайцев: Мәмбетсапа, Машырық қажы, Бекдұрды ишан. А также наряду с ними рассказывается топономические названия исторических памятников, артефактов, так как «Ерсарының қайрағы» - «Точилка Ерсары».  

    При помощи презентационных слайдов про них рассказывали студенты-исследователи колледжа «Болашак» под руководством доктора филологических наук Дюсембаевой Жанибиби Сембаевной, ученица Кызылтюбинского лицея №5 Каусар Байрамкул ( учит. – Г.Дарменова), ученики, студенты Жанторе Жакишевны.   

    Сегодняшняя молодежь – казахстанцы должны знать историю своей страны и родного края. Из-за выступлений и труды молодых исследователей сверкали глаза старшего поколения от счастья, восторга, было отрадно на сердцах присутствующих.

    А ученики, студенты детской музыкальной школы искусств имени Абыла Таракулы и Мангистауского музыкального колледжа исполнили для гостей популярные музыкальные произведения двух мусульманско-братских народов.  

    Многоуважемая Жанторе Жакишевна вложила знание и труд и в сфере повышения квалификаций учителей Мангистауской области, является одной из активных соавторов учебных пособий  по краеведению «Маңғыстау облысының жануарлар дүниесі», «Животный мир Мангистау» оқу құралдары (2006 г. Ақтау).  За непрерывный, результативный труд ее имя была внедрена в энциклопедию «Маңғыстау мұғалімдері» («Арыс», Алматы, 2013г).  

    Цель принципиального ученого-педагога Жанторе Жакишевны – морально-устойчивое воспитание молодежи-казахстанцев, подрастающего поколения нашего народа.

    От имени коллег орлеуовцев Жанторе Жакишевне и всем участникам-учителям, молодым исследователям желаем огромные успехи в их неустанном, большом труде!  

     

    ФАО НЦПК «Өрлеу» по Мангистауской области ПР ИПК

    З.С.Абишева  

              

    Ұлт ұстанымы ғалым ұстаздан