gallery/fe4267eb38423b7ca3c315a05cae4646
gallery/shamshidinova-kulyash-nogataevna
gallery/ahmetova
gallery/2p3a6677
gallery/depositphotos_106179324-stock-illustration-newspaper-icon-newspaper-symbol-newspaper
gallery/4564
gallery/elearning
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

    Ағымдағы жылдың ақпан айының 15-і күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиынға ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, ЖОО ректорлары, ұлттық және республикалық орталықтардың, облыстық білім басқармаларының басшылары, халықаралық мектептер, республикалық мектеп-интернат және колледждер директорлары қатысты.
          Алқа отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2018 жылғы негізгі қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттері туралы»  тақырыбымен баяндама жасады. Е.Сағадиев өз баяндамасында педагог кадрлардың біліктілігін арттырудағы ваучерлік-модульдік жүйені даярлау жұмысы жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарының ағылшын тілі, робототехника пәндері мұғалімдері мен мектеп психологтері біліктілік арттырудың бұл жаңа үлгісі бойынша апробациядан өтетін болады. 
             Алқа отырысы аясында сондай-ақ балаларды ерте жастан дамыту, үштілділік, балаларға қосымша білім берудің инфраструктурасы, педагогтердің еңбекақысын көбейту т.б. өзекті мәселелерді көтерген 10 секция жұмыс жасады.  
            Алқа отырысына «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ директорының міндетін атқарушы п.ғ.к., профессор Э.І.Қалиева қатысып қайтты.

     

    Заседание коллегии

            В городе Астана 15 февраля текущего года состоялось расширенное заседание коллегии. На заседании Коллегии присутствовала и.о. директора ФАО «НЦПК «Өрлеу» по Мангистауской области ИПК ПР, к.пед.н., профессор Э.И.Калиева.
    В работе заседания приняли участие министр образования и науки Республики Казахстан  Е.Сагадиев, депутаты Мажилиса Парламента, ректоры ВУЗов, руководители национальных, республиканских центров,  руководители областных управлений образования,  директора международных, республиканских школ и школ-интернатов, колледжей.  
    На данном заседании выступил министр образования и науки Республики Казахстан  Е.Сагадиев с докладом на тему «Об основных итогах деятельности Министерства образования и науки Республики Казахстан в 2018 году и задачах на 2019 год».  В своем выступлении министр подчеркнул важность подготовки и реализации ваучерно-модульной системы по повышению квалификации педагогических кадров. Планируется апробация в Қарагандинской и Западно-Казахстанской областях по новому образцу, будут апробированы учителя английского языка, робототехники, школьные психологи. 
    В рамках  Коллегии проведена работа 10 секций,  были рассмотрены актуальные вопросы по развитию детей с раннего возраста, трехязычие, инфраструктура дополнительного образования, повышение заработной платы педагогов.   

         Отдел по связям с общественностью и по издательской работе
     

    «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ
    МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ

    БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ