gallery/nan
gallery/depositphotos_106179324-stock-illustration-newspaper-icon-newspaper-symbol-newspaper
gallery/4564
gallery/elearning
gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz
    gallery/без имени-1
    gallery/sagadiyeverlan
    gallery/baza_method_kaz
    http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
    gallery/00001111
    gallery/қо
    gallery/bl

    Біздің басылымдар

            2019 жылдың 03-11 қаңтары аралығында Астана қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен «Өрлеу» БАҰО» Акционерлік қоғамының тренерлеріне арналған «Тренердің кәсіби бағдары» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарға «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренерлері де қатысты.
    Семинар барысында тренерлерге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №125 бұйрығына 2018 жылдың  14 маусымында енгізілген (№272) өзгерістер таныстырылды.
                  «Оқу бағдарламасы мен пән бойынша жоспарлардың ерекшеліктері», «Ұзақ мерзімді жоспардың құрылымы мен мазмұны», «Белсенді оқыту қағидаттары», «Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту тәсілдері», «Сабақты жоспарлау», «Саралау» тақырыптары бойынша өзекті мәселелер талқыланып, республиканың әр өңірінен келген тренерлер өз тәжірибелерімен бөлісті. «Жаңартылған оқу мазмұнын енгізу аясындағы саралап оқыту» тақырыбында фасилитациялық сессиялар ұйымдастырылды.
        Педагогикалық өлшемдер орталығының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілген «Критериалды бағалау жүйесін енгізуге шолу», «Қалыптастырушы бағалау бойынша мұғалімнің қызметін ұйымдастыру», «Бөлім бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалауда мұғалімнің қызметін ұйымдастыру», «Жиынтық бағалау нәтижелерін модерациялау, тіркеу және талдау», «Біліктілікті арттыру курстары аясында бағалау тәжірибесін талдау», «Бағалау үдерісі мен тыңдаушыларды бағалау критерийлері», «Тыңдаушылардың презентацияларын қорғауды жиынтық бағалау», «Тыңдаушыларды бағалау шешімдерін негіздеу» тақырыптарындағы сессияларда тренерлер өздерін толғандырған сұрақтар төңірегінде пікір алмасты, тәжірибелерін ортаға салды.


    Мамутова Гүлдариға Төремұратқызы
    «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Маңғыстау облысы
    бойынша ПҚ БАИ «Жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістері»

    кафедрасының аға оқытушысы

    Тренерлік тәжірибені жетілдіру