gallery/fe4267eb38423b7ca3c315a05cae4646
gallery/shamshidinova-kulyash-nogataevna
gallery/ahmetova
gallery/2p3a6677
gallery/depositphotos_106179324-stock-illustration-newspaper-icon-newspaper-symbol-newspaper
gallery/4564
gallery/elearning
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

              Электронды журналымыздың осы (№4) нөмірінде сабақ жоспарларын түзету, рәсімдеу кезінде жаратылыстану-ғылыми, математикалық бағыттағы бірнеше пәндердің сабақ жоспарларына білім мазмұнын жаңарту бойынша мұғалімдердің шығармашылық әлеуеттерін арттыру мақсатында қосымша өзгеріс, жаңалықтар енгізілді. Ұсынылған толықтырулардың мақсаты – қазақстандық білім кеңістігіндегі жаңа талап, сұраныстарға сәйкес мектеп оқушыларын іргелі де түбегейлі кәсіби бейін, бағыт-бағдарымен, функционалды сауаттылық дағдыларымен толықтай қамту болып табылады.  Аталған  толықтырулардың міндеті – тарау, бөлім бойынша бірнеше сабақтардың теориялық-практикалық тұрғыдағы жүйелі, тығыз байланыстылық пен мазмұн сабақтастығына, біртұтастығына, ғылыми-зерттеу, зертханалық, сарамандық, өзіндік (өз бетімен) жұмыстарды дер кезінде ұйымдастырып, шығармашылыққа бағыттау, олардың түрлі ғылыми, салалық, өндірістік байланыстарды көре, тани білуіне жол ашу, сабақта бастау алған идеяларды сабақтан тыс кезде шығармашылық, ғылыми жобаларға ұластырып, айналысуына қол жеткізу, қолдау көрсету. Ол үшін бізге – мұғалімдерге қысқа, орта, ұзақ мерзімді жоспарлардың «Пәнаралық байланыс», «Оқу мақсаттары», «Тілдік мақсаттар», «Құндылықтар», қажеттілігіне қарай т.б. бірнеше бөлімдерін  функционалдық тұрғыда сауатты, ғылыми мазмұны және ғылымдармен байланыстары жаңғыртыла тереңдетілген, кеңейтілген түрде (формада) жасақтау керек болады. Тақырыпқа қатысты кейбір пәндерде мектеп бағдарламасынан тыс бірнеше ғылым салаларымен байланыстыру қажет болғандықтан «Пәнаралық байланыс» бөлімінен кейін мектеп бағдарламасынан тыс ғылым түрлерін қамту тапсырмалары берілгендіктен «Басқа ғылымдармен байланыс», «Мемлекеттік бағдарламалар және заңнамалық құжаттар» бөлімдері енгізіліп, оқушыларды олардың атауларымен, негізгі статистикалық, мүмкіндігінше салыстырмалы  мәліметтермен (аргумент, фактілер) таныстыру қоғаммен, өмірмен нақты байланыстарды қамтамасыз етеді, кәсіби, шығармашылық ситуацияларға алдын ала бағыт-бағдар береді. Мұғалім сабақта оқушылар үшін қолайлы оқу ортасын, яғни мәдениетті қарым-қатынасты орнатып қана қоймай, оларды жеке немесе бірлескен ғылыми-шығармашылық ізденістерге бастайтын алғашқы бастамаларды, жолды көрсетуі тиіс.
    Аталған ұсыныстар педагог қызметкерлердің жұмысын қиындатпайды,  жаңа белестерге, табыстарға бастайды.  Әріптестердің жоспар, сабақ мазмұнын CLIL-оқыту ұстанымдары бойынша өзінің жанына жақын, қолынан келетініне нық сенімді бөлімдерден бастап, әр сыныпқа өткен кезде толықтырып,  (параллель сыныптарда, десант, шеберлік, панорама, коуч сабақтарда) өте жақсы, сапалы сабақ жоспарларын жасақтап, өткізуге, нәтижелерге қол жеткізетініндеріне кәміл сенемін.  
    Практикалық жаттығулар функционалдық сауаттылық көзқарасына негізделіп, оқушылардың қазіргі күндегі және алдағы өмірінде кәдеге, пайдаға жарайтындай деңгейде, логикалық мазмұны жеңіл, орташа, күрделі түрде жасақталып, ұсынылуы қажетті. Челленджер-мұғалімдердің мұндай тапсырмалары арқылы оқушылардың ой-өрісі, зияткерлік қабілеттері бір мезгілде жан-жақты дамып, кең ауқымдағы (масштабты) жалпы таным-түсінігінің және арнайы тар шеңбердегі білім, білік, дағдыларының өсуіне жағдай жасалынады.
    Біздің мемлекетімізде өскелең ұрпақты тәрбиелеудің ерекше үлгісі қалыптасып, тамырын тереңге жаюда. Сондықтан жаңа білім мазмұны бойынша жасақталатын сабақ жоспарларындағы тәрбие-білім қатар қамтылатын «Құндылықтар» бөлімі мұғалімдерден зор жауапкершілікті талап етеді. Жаратылыстану-ғылыми және қоғамдық-гуманитарлық,  эстетикалық-көркемөнер пәндерінде тақырыпқа қатысты жалпыадамзаттық, әлемдік құндылықтардың маңызы (А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, А.Пушкин, Ю.Гагарин, К.Байсейітова т.б.), рухани-адамгершілік құндылықтары, халықтық, аймақтық, өңірлік құндылықтар түрлері  қажет болса түрі түстеліп, аты аталып көрсетілуі де артық болмас деген ойдамыз.  
    Осындай толықтырулар енгізілген сабақ жоспарларындағы пайдалынылған әдебиеттер тізбесі және ресурстар тізбесі де ұлғаятыны өз-өзінен түсінікті. Толықтырулар Сіздердің сабақ жоспарларыңыздың атауына сәйкес болуы үшін  ұсынылғаны қаперге беріледі.
                Құрметті әріптестер! Біздер, «Маңғыстау әдіскері» электронды журналы редакциясының алқасы, Сіздерге жаңартылған білім мазмұны бағдарлама бойынша одан әрі жаңғыртылған, толық мазмұнмен қамтылған сабақ жоспарларын жасақтау үшін ақша қарын әдемілеп төгіп, жақсылығымен жеткен Жаңа жылда қажымас қайрат, мықты денсаулық, отбасылық және шығармашылық өсу бақытын тілейміз!  
    Іске сәт, маңғыстаулық білім майданының майталман мұғалімдері!


    Әбішева Зәуре Сүндетқызы

    Білім мазмұнын ғылым мазмұнынмен байытуды бастау