gallery/nan
gallery/depositphotos_106179324-stock-illustration-newspaper-icon-newspaper-symbol-newspaper
gallery/4564
gallery/elearning
gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz
    gallery/без имени-1
    gallery/sagadiyeverlan
    gallery/baza_method_kaz
    http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
    gallery/00001111
    gallery/қо
    gallery/bl

    Біздің басылымдар

    «Өрлеу» БАҰО»АҚФ Маңғыстау облысы бойынша қазан айының 15-і мен 26-сы аралығында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартын енгізу жағдайында ағылшын тілін 1-сыныптан бастап оқытудың мазмұны мен әдістемесі» тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған қысқа мерзімді курс өтті.
       Аталған курс екі апталық бағдарлама бойынша жүргізіліп, курста Елбасы жолдауы таныстырылып, жоспарланған жұмыстар талқыланды. Тыңдаушылар жоспарда жастарға және білімге, денсаулықты нығайтуға, сонымен қатар баспана мәселесіне де көп көңіл бөлгендігін тілге тиек етті. Тыңдаушылар жаңа бағдарлама аясында білім беруде сыни тұрғыдан ойлай алатын, өзіндік «мені» бар, сыныпта өз бетімен және топта жұмыс жасай алатын, өзіндік пікірі мен қызығушылығы басым оқушыны қалай қалыптастыруға болатыны төңірегінде әдіс-тәсілдерді бастауыштың жас ерекшелігіне сәйкес тиімді пайдалануға болатынын тәжірибе жүзінде көрсетті. 
       Курс барысында филиал кітапханашысы А.Утебаева кітапхана қорымен таныстырып, жергілікті газетке жазылып мақала беруге байланысты өз кеңестерін ұсынды. Мұғалімдер жаңа бағдарлама аясында қысқа мерзімді жоспар құруды, рефлексия жасауды үйреніп, тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған көшпелі тәжірибелік сабаққа қатысты. Lesson study арқылы өткізілген сабақты Ақтау қаласының №3 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Аязбаева Айкерим өткізді. Сабақтан кейін аталған мұғалімге алғыс берілді. Тыңдаушылармен қазіргі институт жанында болып жатқан жаңалықтармен бөлісіп институт сайты және «Өрлеу» білім каналымен таныстырылды. Курс соңында тыңдаушылар белгіленген бағдарламадағы жоба тақырыптарымен танысып, өз жобаларын қорғады. Жобаны бағалау критериі ескеріліп топта тыңдаушылар өзін-өзі бағалауды пайдаланды. Курс соңында барлық тыңдаушыларға сертификаттар берілді.

    Курс күнделігі