gallery/fe4267eb38423b7ca3c315a05cae4646
gallery/shamshidinova-kulyash-nogataevna
gallery/ahmetova
gallery/2p3a6677
gallery/depositphotos_106179324-stock-illustration-newspaper-icon-newspaper-symbol-newspaper
gallery/4564
gallery/elearning
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

    Республика деңгейінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру  бағдарламасы  бойынша пилоттық ұйымдардың бірі - Ақтау қаласындағы МКҚК №10 «Толқын» балабақшасында  16 қараша күні  «Өрлеу» БАҰО АҚ Маңғыстау облысы  бойынша ПҚ БАИ тренері Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы әдістемелік күн ұйымдастырды.  Әдістемелік күн өзін-өзі тану педагогі  Алданова Гүлбағида  Торебаевнаның   «Мен сенің досыңмын, сен менің досымсың» тақырыбындағы оқу іс-әрекетімен басталды. Келесі  «Ақтау қаласындағы алтын күз» атты өзін-өзі танумен интеграцияланған қазақ тілі оқу  іс-әрекетін Усипбаева Жанар Мамашевна өткізді. Ары қарай тренер Р.Ж.Нұрованың өзін-өзі тану  және өзін өзі танумен интеграцияланған оқу іс-әрекеттері бойынша шеберлік сыныптарына жалғасты. Балабақша қызметкерлері шеберлік сыныптан жалпыадамзаттық құндылықтарды балабақшаның тұтас педагогикалық үдерісіне интеграциялау туралы тереңірек мағлұматтар алды.
              Шеберлік сыныпқа балабақша директоры, тәрбиешілері, пән мұғалімдері қатысты. Тренер қатысушылармен бірлесе отырып,  Ізгілік педагогикасы мен «Өзін-өзі тану» мәселелері бойынша сұрақтарды талқылап, іс-шараның соңында  оқу іс-әрекеттері бойынша қорытынды жасады. Тренер мен қатысушылар арасында өткен кері байланыстан рухани-адамгершілік білімнің бүгінгі күнгі өзектілігі мен оны балабақшаның тұтас педагогикалық үдерісіне интеграциялау өзектілігі туралы қорытынды жасалды.

    Гүлайым Төлеугалиева
    Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы
    №10 «Толқын» балабақшасының әдіскері

    Жұмыс бағыты жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген
     балабақшадағы шара