gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

gallery/2p3a2645

Курс тындаушыларына

gallery/sagadiyeverlan
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/baner mini kaz

Білім мазмұнын жаңарту бойынша

Робототехника

gallery/эмблема
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

Біздің басылымдар

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-да 08 қазан мен  19 қазан аралығында Орта білім берудің мазмұнын жаңарту тұжырымдамалық идеялар контекстіндегі білім беру процесін ұйымдастыруда химия пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында  білім сатысы оқуы өткізілді.
Тыңдаушылар жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнымен, оқу бағдарламаларының және оқу жоспарының құрылымымен танысты. Оқушыларды ынталандыру мақсатында қалыптастырушы бағалауды жоспарлап және ұйымдастыру үшін химия пәнінен 8 сыныпқа  арналған «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағын» басшылыққа ала отырып, қысқа мерзімді жоспар жасақтап, оқу мақсаттарының әрқайсысы үшін берілген бағалау критерийлеріне назар аударды. Нәтижесінде бағалау критерийлерін әзірлеуге, тапсырмалар дайындауға және дискрипторлар құрастыруға дағдыланды. Нәтижесінде  жаңартылған бағдарламадағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйренді.Олар өз сабақтарын,таныстырылым арқылы тәжірибесін келешекте қалай қолданатынын түсіндіріп, өз жоспарларын әрі қарай дамыту туралы ойларымен бөлісті.Тыңдаушылар химия пәнін оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды қолдану тәжірибесімен алмасу мақсатында 7 топқа бөлініп жоба жұмыстарын қорғады. Жоба жұмысын жазудың қорытынды критерийлері бойынша топ бірін-бірі бағалады.Білім сатысы оқуы аясында «Химия сабақтарында белсенді оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту жолдары» тақырыбында көшпелі тәжірибелік семинар ұйымдастырылды.Семинарға мектеп басшылары, пән мұғалімдері қатысты.Семинарда С.Қоңдыбай атындағы №22 орта мектептің мұғалімдері Ғ.Татикова «Генетикалық ақпарат», Ж.Сағитжанова «Прокориоттық жасушаның құрылысы.Бактериялық жасуша, оның құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері» тақырыбында ашық сабақ, Н.Минбасова  «Педагогтардың өзіндік ерекшеліктерін түсіну,қабілеттілігін дамытуға бағытталған психогимнастикалық жаттығулар» тақырыбында тренинг, Мұнайлы ауданы №6 орта мектебінің мұғалімі З.Сисенгалиева «Металдардың қышқылдармен әрекеттесуі» тақырыбында практикалық жұмыс өткізді.Нәтижесінде тыңдаушылар сабақты одан әрі жақсарту жөнінде әріртестеріне өз ұсыныстарын жасады.
Тренер курсқа қатысушылармен бірге білім мазмұнын жаңартуда кәсіби құзыреттілігі мен қызметін нәтижелі қалыптастырудағы көкейкесті сұрақтарды талқылап, оқу барысында рефлексия жасап, топтағы пікірталас пен кері байланысты жүзеге асырды. Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнына орай, мұғалімдердің білімдері жетілдіріліп, кеңейтілді.


                                                                              К.Бактиярова БМЖ тренері

 
«Химия пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында өткен курс туралы
ХАБАРЛАМА