gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

gallery/2p3a2645

Курс тындаушыларына

gallery/sagadiyeverlan
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/baner mini kaz

Білім мазмұнын жаңарту бойынша

Робототехника

gallery/эмблема
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

Біздің басылымдар

Оқушылардың ғылыми және функционалды құзыреттіліктерін мектеп қабырғасында-ақ қалыптастырып, дамытуда сабақ процесінің - негізгі ғылыми ұғымдар мен атаулардың үш тілдегі нұсқаларымен қамтылуы өмір талабына айналуда.             
Пәнаралық байланыстар кеңінен қамтылған тест тапсырмалары оқушыларға бізді қоршаған табиғи ортадағы немесе табиғи ортаға сәйкестендіре жасақталған түрлі жасанды, экоалаңдардағы жаратылыстану ғылымы заңдылықтарының бір-бірімен тығыз байланыстылықтарды терең түсінулеріне жол ашылады.  Гуманитарлық-жаратылыстану пәндері бойынша топтық жұмыстарда оқу ортасын жылдам ұйымдастыру үшін суретті сәйкестендіру тестілерінен мысалдар ұсынылады. Тестілер физикалық ұғымдар, пәнаралық байланыстар, тілдік, ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жинақталған бұрынғы және жаңа ғылыми терминология, ұғымдарды игеру, байланысты сәйкестіктерді табу арқылы орындалады.
           Мысалы, оқушылар тақырыптық тестіде жаңа тақырып бойынша алған түсінік негізінде ай, қасық, өшіргіш, үстел; толқын, бу, қар, мұз; тамшы, шық, қырау, бұршақ; айсберг, найзағай, бұлт, жел; жаңбыр, сағым, тұман, құйын; мұхит, леп, кемпірқосақ, түтін; мұз айдын, шұғыла, шаң, субұрқақ сөздерінің екінші бағандағы дене, зат, материя, табиғи құбылыс физикалық ұғымдарына байланыстылығын танып, сәйкестілігін тауып, екі бағандағы физикалық және табиғи ұғым атауларының арасын сызықпен қосып, сызып белгілейді. (7 тест сұрағы). Немесе суреттің астына жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың тілдік құзыреттіліктерін және функционалдық оқу сауаттылықтарын одан әрі дамыта түсу үшін аталған тест сұрақтарын орыс және ағылшын тілдерінде де ұсынуға болады. Орыс тілінде ұсынылатын нұсқаның 1- бағанындағы табиғи ұғым және зат атаулары: луна, ложка, стерка, стол;  волна, пар, снег, лед; капли, роса, иней, град; айсберг, молния, облако, ветер; дождь, мираж, туман, вьюга; океан, веяние, радуга, дым; каток, заря, пыль, фонтан сөздері 2- бағандағы тело, вещь, природное явление, материя физикалық ұғымдарына қатысты сәйкестіктер тапқызылады.  (7 тестовых вопросов).
 Ағылшын тіліндегі нұсқада body of physics, naturerscheinungen, things, маtter физикалық ұғымдарының moon, а spoon, bitter, table; Sea wave, steam, snowfall, Ice; drops, dew, hoarfrost, hailstones; iceberg, Lightning, Claud, Wing; Rain, Mirage, fog, Snowstorm; Ocean, trend, Rainbow, Smoke; rink, dawn, dust, fountain секілді табиғи құбылыстардың және заттардың атауларымен сәйкестіктері ағылшын тілінде оқу, жазу арқылы орындалады (7 from test).
             Осы сұрақ-тестілері бірнеше тақырыптан кейін басқа да тақырыптар бойынша жасақталған аралық тест сұрақтарына араластыра қайталау ретінде берілсе, оқушылардың есінде ұзағырақ сақталуына мүмкіндік жасалғаны болып есептеледі. Оқу ортасы мейлінше қалыптасқан ортада осы тәрізді суретті карточкаларды мәтінді өз беттерімен оқып, сәйкестендіру тапсырмасын мәтінге сүйене, ойлана, талқылай отырып бірден дұрыс орындауды талап ету - тиімді оқытудың бір нұсқасы.  
Білім сапасын, жоспарлауды жақсартуда пән мұғалімдері жаңа білім беру мазмұны бағдарламасы кестесінде көрсетілген бағыттардың кейбір құрамдас бөліктерін жекелеген пәндік, өңірлік, аймақтық ерекшеліктерге сәйкес нақты және ғылыми ұғымдармен толықтыруларына болады. Сондықтан тәжірибе алмасуда жоспарлаудың маңызы зор. Мысалы, Қазақстандағы Халықаралық әуежайлар туралы (Астана, Алматы, Ақтау) жаңа ақпараттар немесе бұрыннан қалыптасқан біртұтас ұғымдарды қаз-қалпында жеткізу арқылы құндылықтар жайындағы мәліметтерді оқушылар санасына дарыту мүмкін болады: Мәдинада-Мұхамбет, Түркістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет (тарихи-мәдени, діни құндылықтар).
Осы секілді тапсырмаларда жаңа білім мазмұнының пәнаралық байланыс, тілдік және ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтар, мәліметттердің жаңа және бұрынғы білімге қатыстылығы, алынған ұғымдардың ғылымилығы, нақтылығы, логикалылығы, пәнаралық байланыстардың, тілдік және өлкетану-өңірлік, аймақтық, ұлттық құндылықтардың қамтылуы қажетті болып табылады.

 

Зауре Сундетқызы  
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ
Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ
Қоғаммен байланыс және баспа
жұмыстары жөніндегі бөлім

 

STEM-ресурстар жасақтау – пәндерді ғылыми негізде оқытудың алғы шарты ретінде

Жаратылыстану ғылымы пәндерін ғылыми негізде тиімді оқытудың бір жолы  - пәнаралық байланысқа негізделген логикалық сұрақ, тапсырмаларды түрлендіре құрастыру болып табылады. Тапсырмалардың мазмұндық-эстетикалық сапасы оқушылардың білімді сапалы игеруіне өте зор ықпал етеді.

gallery/475-01