gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

gallery/2p3a2645

Курс тындаушыларына

gallery/sagadiyeverlan
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/baner mini kaz

Білім мазмұнын жаңарту бойынша

Робототехника

gallery/эмблема
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

Біздің басылымдар

Ал ондай маман болу үшін –әрбір  ұстаз өз білімін көтеріп отыру керек. Ол үшін мұғалімге түрлі семинарларға, байқауларға, сыныптан тыс жұмыстарға және тағы да басқа шараларға қатысумен бірге білім көтеру курстарынан өту маңызды.
Осы орайда айтайын дегенім 17.09-22.09.2018 күндер аралығында өткізілген «ҚР-да бастауыш білім берудің жалпыға міндетті стандартын ендіру жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы курстан аларымыз өте көп болды.
Курс тренері, аға оқытушы Сахарбаева Марал апаймыздың жаңартылған білім беру жүйесінің құзіреттіліке және сапаға бағытталған бағдарлама екенін, сондай-ақ оның басты ерекшелегі спиральді қағидатпен берілетіндігін бірізділікпен түсіндіре білуі, практикалық жұмыстар арқылы бірнеше әдіс- тәсілдерді үйретуі көңілімізден шыға білді. Сонымен бірге облысымыздың түпкір-түпкірінен келген әріптестерімзбен жақын танысып, жұптаса, топтаса отырып,тәжірибе алмасудың өзі де керемет көңіл-күй туғызды.
«Ізденіп білім алсаңыз игілігін көресіз. Ойды ортаға салсаңыз елге пайда бересіз» демекші осындай курстардың болып тұруы, семинарлардың жиі ұйымдастырылуы ұстаздар қауымын ізденіске, шығармашылықпен жұмыстануға жол сілтері сөзсіз.
Сөзімнің соңында барлық әріптестеріме қиындығы мен қызығы мол жұмыстарына толағай табыстар тілеймін.

 

Мұнайлы ауданы
«№3 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Оспанова Оралхан Абдижамиевна

Курс туралы ой-пікір

gallery/jaks

Халқымызда «Ұстаң көштен қалса, көп болса желімсіз, тостақсыз қаларсың, ал ұстазың көштен қалса білімді ұрпақсыз» қаларсың деген өсиет сөз бар. Сондықтан да жаңа заман педагогы, заманға сай ұстаз болу үшін, қоршаған әлемге балалардың көзімен қарау керек. Әрбір жаңа ұрпақ ұстаздың алдына жаңа міндеттер қоюда. Сондықтан да бүгінгі қоғам кәсіби білімі жоғары, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді.