gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

gallery/2p3a2645

Курс тындаушыларына

gallery/sagadiyeverlan
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/baner mini kaz

Білім мазмұнын жаңарту бойынша

Робототехника

gallery/эмблема
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

Біздің басылымдар

Құрметті әріптестер!

       «Өрлеу» БАҰО» АҚ жедел іс-қимыл жоспарына сәйкес 2018 жылдың 23 қарашасында "Өрлеу "БАҰО" АҚ филиалы  Маңғыстау облысы бойынша «Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктер және оқытудың тиімді әдістері» тақырыбында облыстық семинар өткізеді.
Конференция мақсаты: білім берудің сапасын арттыруға бағытталған оқушылардың психологиялық мүмкіндіктерін ескере отырып, ғылыми-теориялық және оқу-әдістемелік инновацияларды тәжірибеге енгізу,
мұғалімдердің кәсіби құзырлығын жетілдіру, сондай-ақ инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату және насихаттау.
Семинардың негізгі міндеттері:
-    инновациялық технологияларды қолдана отырып оқытудың тиімділігін ашу, білім беру процесінің психологиялық-педагогикалық қолдау мүмкіндіктері;
-    инновациялық технологияларды қолдану бойынша талдау жасау және проблемаларын анықтау, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін одан әрі жетілдіру  үшін ұсыныстар әзірлеу;
-    оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып оқытудың  тиімді технологияларын  және әдістемелерін  іздеу;
-    кәсіптік білім беру сапасын арттыруға жәрдемдесу, шығармашылық және кәсіби өзін-өзі жетілдіру үшін педагог  және психолог мұғалімдерге жағдай жасау;
-    инновациялық технологияларды қолданудағы  озық педагогикалық тәжірибені тарату.
Семинар жұмысының негізгі бағыттары:
•    "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру: коммуникативтік дағдылар,  функционалдық сауаттылық  және дифференциалдық тәсілдер  дамуына байланысты міндеттерді шешуге жаңа көзқарас;
•    ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету арқылы оқытудың дифференциалдық тәсілін ескере отырып білім беру процесінің тиімділігін арттыру;
•    білім беру процесінің психологиялық-педагогикалық қолдау мүмкіндіктері;
•    инновациялық әдістер, білім мазмұнын жаңарту шеңберінде психологиялық-педагогикалық қолдауда оқытудың тиімді әдістері;
•    ақпараттық технологиялар  - білім беру процесінің сапасын арттыру факторы ретінде;
Өткізу формасы: күндізгі, қашықтықтан.
Семинардың жұмыс тілі: қазақша, орысша.
Семинарды өткізу орны: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 26 ш/а, ғимарат 60.
Семинарға қатысушылар: профессор-оқытушылар мен тренерлер, "Өрлеу" БАҰО» АҚ филиалдарының  бөлім мамандары,  ЖОО оқытушылары, ТжКББ, басшылар, әдіскерлер, жалпы білім беру мектептер мұғалімдері, МДҰ педагогтері.
Қатысу нысаны: күндізгі, қашықтықтан, сырттай.
Қашықтықтан  қатысу  үшін  қатысушының жеке поштасына  қосымша  ақпарат туралы  сілтеме беріледі.
Семинар қорытындысы бойынша электронды жинағын шығару және филиал сайтында  жариялау жоспарлануда (http://orleumo.info/).  
       Жауаптылар: Қымбат Амиргалиевна Асанова, Әсел  Ғалымбековна Аблишева, мұғалімдердің  кәсіби дамуын педагогикалық- психологиялық қолдау кафедрасы.
Анықтама телефоны: 8(7292)334841, 87012013606, 87025303879
Семинар жұмысына қатысу үшін өтінімдер мен материалдарды  2018 жыл  20 қарашаға  дейін  мына электрондық мекен-жайға жіберу қажет: assanova.k@orleu-edu.kz , ablisheva.a@orleu-edu.kz  (Қосымша 1).
 Өтінім және мақала жеке файл ретінде және Microsoft Word  форматында электрондық нұсқада  ұсынылуы тиіс,  (файлдың аты бірінші автордың аты-жөні тегі мен басталуы тиіс, мысалы, "Ф.А.Т. (мақала).doc (rtf)», өтінім файл аты да бірінші автордың аты-жөні мен тегінен басталуы тиіс. (Мысалы: «Аманов А. Е. _ өтінім»,  «Аманов А. Е. _ мақала»)
Жарияланатын жұмыс талаптарға сәйкес мұқият редакцияланған (өнделген), оқылғын және рәсімдеу (Қосымша 2) болуы тиіс. Осы ережелер сақталмаған болса мақалалар қабылданбайды. Мақаланың мазмұны  және орфографиялық қателері үшін редакция алқасы жауап бермейді.
Семинарға мақалалар жіберген қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Құрметті әріптестер!
Өз әріптестер мен серіктестеріңіз  назарына осы іс-шара туралы ақпаратты жеткізуді сұраймыз.

Ұйымдастыру комитеті. Қосымша 1
 
«Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктер және оқытудың тиімді әдістері»
облыстық семинарға қатысуға


ӨТІНІМ
1.    Қатысушының аты-жөні (толығымен)     
2.    Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы    
3.    Қызметі (толығымен, қысқартусыз)    
4.    Материалдың тақырыбы (баяндама/ мақала)    
5.    Бағыты    
6.    Қатысу нысаны: күндізгі, сырттай    
7.    Ұсынатын ұйым, қала, облыс (қысқартусыз)    
8.    Жұмыс телефоны (қаланың коды)     
9.    Телефон (ұялы)    
10    E-mail    

Қосымша 2

Облыстық  семинардың материалдар жинағына мақалаларын жариялау үшін қойылатын талаптар және рәсімдеу ережелері
Ұйымдастыру комитеті конференция ұсынған тақырып бойынша мақалалар қабылдайды.
Мақала көлемі 3-5 бет. Қағаз көлемі А4, кітап–бағдары. Барлық жиектері 2 см. Қаріп түрі – "Times New Roman", кегль – 14, түсі – қара. Негізгі мәтінде қалың, курсив және асты сызылған қаріпті пайдалануға болмайды. Абзац: Бірінші жолда – 1,25 см, қатараралық интервал – бірлік, туралау – ені бойынша. Бөлімдер, беттер, жолдар белгілерін еріксіз ажыратуға; автоматты тізімін; жол асты сілтеме; фотосуреттер; түрлі-түсті элементтер пайдалануға жол берілмейді. Әдебиеттерге сілтеме баяндаманың мәтінінде жақша ішінде беріледі. Тақырыпты рәсімдеу: мақаланың атауы бас әріптермен, тура жартылай қалың қаріппен (тегістеу ортасына); бір жолдан кейін автор (авторлар) аты-жөні  курсивпен; төмен – ұйымның атауы (қысқартылған сөздерді таратып жазу); келесі жолда – қала, мемлекет; байланыс ақпараты (e-mail) көрсетіледі. Тақырыптың соңында нүкте қойылмайды. Қатардан кейін - аңдатпа және түйін сөздер. Мақалалар мен ақпараттың қысқаша мазмұнына аңдатпа (2-4 сөйлем). Түйін сөздер – 5-10 негізгі терминдер. Бір жолдан кейін – мақала мәтіні.
    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннен кейін келтірілуі тиіс (рәсімдеу үлгісін қараңыз).
Мақаланы рәсімдеу үлгісі

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕР

                       А.Е. Аманов
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Манғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру    институты,
Ақтау қаласы, Қазақстан
amanov@gmail.com

Аңдатпа:
Тірек сөздер:

        Қазіргі заманғы отандық және әлемдік білім беру философиясын болжамдау үшін педагогтардың  жеке шығармашылығы мен  өзін-өзі дамыту  үшін жағдай жасау, олардың тұлғалық білім беру әлеуетін анықтай отырып және дамыту біліктілік арттыру жүйесінің дамыту Тұжырымдамасы және  Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерін қайта даярлауы  көрсетеді[1, с. 17]. …
Әдебиеттер:
1.Біліктілігін арттыру жүйесін дамыту тұжырымдамасы және Қазақстан Республикасының кәсіптік білім беру қызметкерлерін қайта даярлау// Білім берудегі менеджмент: республикалық журнал - № 2, 2006.- С.17-28.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ