gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

gallery/2p3a2645

Курс тындаушыларына

gallery/sagadiyeverlan
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/baner mini kaz

Білім мазмұнын жаңарту бойынша

Робототехника

gallery/эмблема
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

Біздің басылымдар

«Өзін-өзі тану» курсы адамның өзін-өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі жетілдірудің тұрақты және үздіксіз процесі болып табылады.» Назарбаева Сара Алпысқызы
  Ұлттық сана, ұлттық тәрбие...бұл  мәселелер  қазіргі  қоғамымыздың өзекті мәселелерінің біріне айналды. Бүгінгі таңда рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап, адамдардың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы және оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр. Осы орайда, қоғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік үдерістері өзгерді, сондықтан да білім мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындауда. «Сана  мен  тәрбиені біз  қайдан  бастаймыз?» деген  сұрағыма  жауап іздеу  мақсатыммен  «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында өтіп жатқан  «Өрлеу» Біліктілікті  Арттырудың Ұлттық Орталығы» акционерлік қоғамы Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының курсына келдім. Курста көкейімді  тескен сұрағыма  жауапты курсанттарыммен  және де «Өзін-өзі тану»  пәнінің қас шебері  тренеріміз  Рысгүл Жұмажанқызымен іздеуге  бел будым. Екі апта  өткен  курста  құзіреттілігім  арттып, жаңа  қырымнан өзімді  тани бастадым. Сонымен қатар біліп  түйгенімді семинарларда  әріптестеріммен  бөлісуді жөн  көрдім. (1-сурет) «Тәрбиелеудің басты міндеті адамгершілік әсер етуден құралады» деген К.Д. Ушинский. Себебі адамгершілік – тек адамзатқа, әрбір адам баласына ғана тән құнды қасиеттерден тұрады. Бұл қасиеттерді бойына сіңірген бала, өзін қоғамның дербес және ажырамас бөлігі екендігіне көзі жетеді. Баланың жанын тәрбиелеу, ішкі сезімін жеткізе білуге баулу маңызды екені белгілі. Себебі сезімсіз, махаббатсыз адамның жүрегі жетім. Айналаға, қоршаған ортаға, қоғамға, қыбырлаған кез-келген тіршілік иесіне деген риясыз сүйіспеншілік сыйлай білу жүректің кеңдігі, рухани байлықтың көрінісі болып табылады. Әр  педогог  алдына  келген  баланың  жан дүниесіне кіріп, жақсы  көретін  болса қазіргі  қоғам  сұрап отырғандай тұлға  қалыптастыруға  болатынына көз жеткіздім.  Президентіміз Н.Ә. Назарбаев: «… жаңа жағдайларға байланысты бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады», — деп атап көрсетті. Соған байланысты өзін-өзі тану пәні әр оқушыға, жеке тұлғаға бағытталған тәрбиесінің көрінісін адам талпыныстары, абыройы, жауапкершілігі, ерік-жігері, жалпы ізгі қасиеттерін басты мәселе етіп қойғандығынан байқаймыз. Болашағын баласынан, жас жеткіншектерінен көретін халқымыз, еліміз үшін бала жанын жүдетпеудің маңыздылығы зор. Жаңашыл  педагог  болу  басты  мақсатым деп түсініп, осы  бағытта әлі де  көп деген  жұмыстар  жасаймын. Және де ұлы  ойшылдарымыз «Білімді үздіксіз  жетілдіруден  жалықпаған ұстаз  ғана мұғалім болуға жарайды, ал біліктілігін  шыңдаудан  қалған күні мұғалім болудан да қалады» деген  нақыл  сөздерді  ұстана отырып, әріптестеріме  әр бір  ұстаз өз ісін сүйіп, жақсы көрсе  ізденуден  жалықпаңыз деп ойымды қорытындылауды жөн  көрдім.


Мұнайлы ауданы №9 жалпы
білім беру орта мектебінің мұғалімі
Жаркымбаева Турдыгул

Жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген курс