gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

gallery/2p3a2645

Курс тындаушыларына

gallery/sagadiyeverlan
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/baner mini kaz

Білім мазмұнын жаңарту бойынша

Робототехника

gallery/эмблема
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

Біздің басылымдар

 Пилоттық білім беру ұйымындағы семинар

мектеп басшылары, өзін-өзі тану мұғалімдері және пән мұғалімдері қатысты.
Семинардың мақсаты: Өзін-өзі тану пәнін тәрбие жұмысымен және басқа пәндермен интеграциялау арқылы жеке тұлғаны ұлтжандылыққа, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.
  Пилоттық білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған шара таңертеңгі сағат 9-да қатысушыларды қарсы алудан басталды. Семинардың  алғы сөзін  мектеп басшысы Сағындық Айса жалпы пилоттық білім беру ұйымы туралы түсінік беріп, бүгінгі семинар жұмысына сәттілік тілеумен ашып берді.
 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ және облыстық өзін-өзі тану пәнінің тренері Рысгүл Жұмажанқызы әдістемелік көмек көрсетудің мақсатымен таныстырды. Семинардың ашылуы мектеп-интернат оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
    Бұдан соң пилоттық мектеп-интернаттың бастауыш сынып мұғалімі Көбеншеева Нұргүл «Қазақ деген халықтың баласымын», биология пәні мұғалімі Ихласова Құралай «Адам ағзасы үшін негізгі дәрумендердің маңызы», өзін-өзі тану пәні мұғалімі Қаналиева Мөлдір «Оқу білім - еңбегім» және сынып жетекшісі Сисенбаева Ләззат «Отбасы – алтын діңгек» тақырыптарында интеграциялық сабақтар мен ашық шаралар өткізді. Бұдан соң ДБО өзін-өзі тану тренері Р.Нұрова «Өзін-өзі танумен интеграцияланған сабақтар және оны талдау» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Дөңгелек үстелге қатысушылар пилоттық ұйымдардағы жұмыстың ұйымдастырылуы туралы өз пікірлерімен бөлісті. Пилоттық білім беру ұйымында өткізілген өзін-өзі тану сабақтары, интеграцияланған сабақтар, ата-аналармен жүргізілген жұмыстар педагогтардың рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуда кәсіби құзыреттілігінің өсетіндігіне септігін тигізді деп айта аламын. Пилоттық жобадағы мектеп-интернат мұғалімдері идея авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваға, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы бойынша тренері Рысгүл Жұмажанқызы Нұровға, шараны сапалы ұйымдастырған мектеп-интернат басшыларына шын жүректен ризашылықтарын және алғыстарын білдірді.


Жетпісова Айжақсы Бегейбайқызы
«Бейнеу» мектеп-интернаты» КММ-нің
биология- химия пәні мұғалімі
Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы
 

«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ жоспарына сәйкес «Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу – тәрбие үрдісінде интеграциялау» тақырыбында мектебімізде семинар болып өтті. Семинарға  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ тренері Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы,