gallery/nan
gallery/depositphotos_106179324-stock-illustration-newspaper-icon-newspaper-symbol-newspaper
gallery/4564
gallery/elearning
gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz
    gallery/без имени-1
    gallery/sagadiyeverlan
    gallery/baza_method_kaz
    http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
    gallery/00001111
    gallery/қо
    gallery/bl

    Біздің басылымдар

    Курсы для языковедов

    2015 жылдың 26 қазан күні Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, «Құлыншақ» балабақшасына «Step by Step» инновациялық технологияны енгізудегі тәжірибені зерделеу мақсатында «Ерсай» компаниясының демеушілігімен «Евразия» фондының жоба менеджері А.Н.Нұрбайдың ұйымдастырумен «ХХІ ғасырдың білікті педагогы» атты тренинг-семинар болып өтті. Тренинг-семинарға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша

    ПҚ БАИ қызметкерлері: Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері А.Қ.Жұмабаева, әдістемелік инновациялық дамуын қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы С.Б.Наушина, Жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық) пәндерді оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістері кафедрасының аға оқытушысы А.А.Утеуова), Маңғыстау облысының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығының әдіскері А.К.Жумаханова және Қарақия ауданының бастауыш сынып мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері қатысты. Семинар жоспары бойынша «Step by Step», «Монтессори» технологияларын қолдану аясында ашық оқу іс-әрекеттері және тренингтер көрсетілді.
    Қазіргі білім беру саласында тәрбиешілердің оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Инновациялық технологияларды бала тәрбиесінде қолдану - бұл оның нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден-бір жолы, ол өз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, ынтымақтастық қарым-қатынастарға себепкер болады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда тәрбиешілердің белсенділігі, шығармашылық ізденісі оқу тәрбие барысында шешуші роль атқарады.

    Қазіргі таңда көптеген инновациялық технологиялар қолданылуда, солардың бірегейі Қарақия ауданы, Құрық кентіндегі  балабақша тәрбиешілеріне «Step by Step»,  «Монтессори» технологиялары белсенді жүзеге асырылуда.

    Құрық кентіндегі  балабақшалар мен «Евразия» қорының бірлескен жұмысы туралы жоба менеджері А.Н.Нұрбай - 2012 жылы Қарақия ауданы мектепке дейінгі білім беру жүйесіне «Step by Step» технологиясын ендіру туралы жұмысын бастағаны, балабақша тәрбиешілерінің басым бөлігі республика бойынша басқа «Step by Step» орталықтарына барып тәжірибе алмасқаны және 2014 жылы қараша айында Қарақия ауданындағы тікелей пилоттық «Құлыншақ», «Болашақ» балабақшаларына  «Step by Step» Казахстан» қоғамдық қорының зерттеу мониторингісінің қорытындысы бойынша осы технологияны қолдануда үшінші орында екені анықталғаны туралы айтып өтті.

    Семинар соңында «Құлыншақ» балабақша тәрбешілері тренинг ұйымдастырып, ойларын пікірталасқа салып тарасты.

    Жұмабаева Ақбілек Қошқарбайқызы

    «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

    Маңғыстау облысы бойынша

    ПҚ БАИ, ДБО тренері