gallery/nan
gallery/mangystau_mugalimi
gallery/mangystau_adiskeri

Біздің мекен-жайымыз

orleu-edu.kz

gallery/elearning
gallery/mejdunarodnyi

Видео ақпарат

gallery/ahmetova
gallery/forum_kaz
gallery/edoc_kaz

Ауа-райы

gallery/2p3a2645

Курс тындаушыларына

gallery/sagadiyeverlan
gallery/baza_method_kaz
http://orleumo.info/Әдістемелік-құралдар
gallery/baner mini kaz

Білім мазмұнын жаңарту бойынша

Робототехника

gallery/эмблема
gallery/00001111
gallery/қо
gallery/bl

Біздің басылымдар

Біздің басылымдар

Басшылық

Директор

Джумагалиева Индира Таумушевна - «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  директоры, Германия мемлекетінің (Дюссельдорф) халықаралық білім және ақпараттық ғылыми орталығының профессоры, психология ғылымдарының кандидаты, Кембридж бағдарламасының III (негізгі) деңгейі бойынша тренері. 

Туған күні: 19 ақпан, 1960  жыл.

Білімі: жоғары - И.Я. Франко атындағы Житомир мемлекеттік педагогикалық институты (Украина), филология факультеті, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, қосымша «Педагогика» мамандығы (тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскер), Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім Академиясында аспирантураның күндізгі бөлімінде білімін жалғастырды (1991-1995жж.) (Алматы қаласы).

Еңбек жолы: Ақтау қаласының № 11 жалпы білім беретін орта мектептерде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (1983-1991 жж.), Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясында аспирантурада оқыды (1991-1995 жж.), жалпы білім беретін орта мектеп директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары (1995-2001 жж.), Ақтау қалалық білім бөлімінің бастығы (2001-2002 жж.), Маңғыстау облыстық білім департаментінің инновациялық жұмыстар бөлімінің бастығы, облыстық білім департаменті директорының орынбасары (2003-2006 жж.), Облыстық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының директоры (2006-2012 жж.).

Ерекше жетістіктері:

1.2006-2011 жж. – Облыстық Ұстаздар Үйін ашу аймақтық тапсырмасының орындалуы, республика және аймақ бойынша институт жұмысының мазмұны мен іс-қимыл жүктемесін қайта құру, жүйелеу, жаңғырту жұмыстарын тиімді ұйымдастырды. Білім саласындағы ақпараттық-инновациялық материалдарды, озат іс-тәжірибелерді таратып отыратын ақпараттық, танымдық және әдістемелік басылым «Маңғыстау мұғалімі» газеті шығарылып келеді. Оқушыларға қосымша білім беру мақсатында өңірлік бағдарламалар жасақталып, тәжірибеден өткізілуде: екі тілде  «Маңғыстау әдебиеті», «Маңғыстау тарихы», «Маңғыстау географиясы», «Маңғыстау өсімдіктер дүниесі», «Маңғыстау жануарлар дүниесі», «Маңғыстау ақын-жыраулары», «Маңғыстау ақын-жазушылары» өңірлік оқулықтары, хрестоматия, әдістемелік, бағдарламалары және С.Қондыбай, Ә.Кекілбаев шығармашаларын оқуға арналған хрестоматия, плакаттар жарық көрді. Орыс, өзбек, ұйғыр мектептері оқушыларына арналған оқу-әдістемелік кешендері жасақталды. Осы жұмыстар одан әрі шығармашылықпен жүргізілуде: «Маңғыстау тарихы XVIII-XX ғасыр» (8-11 сыныптар), «110 сабақ» (дене шынықтыру пәні), «Социология религии», «Үйлесімділік әліппесі», «Әмин сабақтары», «Мұнай және газ ісі», «Маңғыстау деген бұл аймақ».

2. 2007-2008 жж. –БАИ қызметкерлері мен облыс педагогтерінің жүрмелі оқуларын ұйымдастыру мақсатында ББЖ КБАРИ, ҚР БжҒМ және «Дарын» РҰПО келісілген ынтымақтастық аясында Франция және Германиямен меморандумға қол қойылды. Осындай жұмыстар оқушылардың халықаралық, республикалық олимпиадалар мен байқауларда, ғылыми жоба жарыстарында нәтижеге жетуге мүмкіндік берді.

3. Білім саласында инновациялық технологияларды енгізуге зор үлесін қосып, «Нәтижеге бағытталған мектеп» пилоттық жобасы бағдарламасын облыс мектептерінің тәжірибесіне енгізді.

4. 2003 жылдан бастап «Өзін-өзі тану» пәні бойынша эксперимент жұмыстары табысты жүргізілді, аталған пән білім ұйымдарына жаппай енгізіліп, кабинеттер жасақталды.

Марапаттары: «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» белгісі (1994 ж.); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің,  облыстық білім департаментінің грамоталары (2001-2005 жж.); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Олимпиада қозғалысының жауапты маманы» атағы (2005 ж.); «Бобек» ҰҒПББСО «Еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін» (2007 ж.); «Маңғыстау облысына-35 жыл»  медалі (2008 ж.); ББЖ КБАРИ Құрмет грамотасы «Республикалық ғылыми-тәжірибелік конферецияның жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілгені үшін» (2009 ж.); Облыс әкімінің Алғысхаты «Республикалық олимпиаданы ұйымдастырып өткізуге қосқан зор үлесі үшін» (2009 ж.); «Луара» қоғамдық қорының «Жанұялық педагогтер династиясы» Алғысхаты (2009 ж.); Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциациясы және «Зеркало» республикалық журналының «Алғысы» (2009 ж.); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі (2010 ж.); Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің республикалық «Қанатты әйел-2», «Қанатты әйел-3» идеялар мен тауарлар жәрмеңкесінің дипломанты (2010, 2011 жж.); Облыс, қала әкімінің, мәслихатының Алғыс хаттары, грамоталары (2002-2011 жж.).

gallery/indira_tamushevna

Директордың орынбасары

gallery/image-22-08-15-21-47

Дүйсенбаева Ақзияш Төренқызы 1962 жылы дүниеге келген. 1984 жылы Орал пединститутының филология факультетін бітірген. Педагогикалық жұмыс өтілі 30 жыл.

2000-2006 жылдары негізгі жұмысымен қатар қалалық білім бөлімінің  қазақ тілі мен әдебиеті секциясының жетекшісі, қалалық  сараптау тобының  жетекшісі, қалалық, облыстық пәндік олимпиадалардың қазылар алқасының мүшесі болды. 2007 жылы «Маңғыстау энциклопедиясы» кітабының өңделіп, қайтадан басылып шығуымен байланысты кітаптың «Оқу-ағарту ісі» бөлімін қосымшалап, толықтырулар жасады.

2006 жылдан Маңғыстау облыстық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында  педагогикалық мониторинг орталығының жетекшісі,

2007 жылдың қыркүйек айынан бастап ОблБАИ директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

Дүйсенбаева А. 2003 жылы Қалалық білім бөлімінің   Құрмет грамотасымен, 2006 жылы «Қазақ тілі» қоғамының Алғыс хатымен,   2009 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2011, 2013 жылдары  «НұрОтан» халықтық демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалының Құрмет грамотасымен, 2014 жылы «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Құрмет грамотасымен марапатталды.

2013 жылдың қараша айының 31-і мен желтоқсан айының 14-і аралығында «Управление и обучение в среднем образовании» тақырыбындағы тәлімдемеден (тәжірибе алмасу, Франция, университет г.Кан Нижняя Нормандия, международный центр «Саrre») өтті.